Кооперативтер құру еңбек өнімділігін арттырады

19:23, 12 қазан 2017

Елбасы тапсырмасына сәйкес, облыс аудандарында ауылшаруашылық кооперативтері құрылып, ұсақ шаруа қожалықтары ірілендірілуде. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Нақтырақ айтсақ, 2016-2017 жылдары 151 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, олардың құрамына 3 мыңға жуық шаруа қожалықтар мен жеке қосалқы шаруашылықтары бірігіп отыр. Осы жұмыстардың барысын зерделеу мақсатында «аграрлық сектор» комиссиясының мүшелері аудандарды аралап, мән-жайымен танысып шықты.

Комиссия мүшелері жүргізген зерделеу жұмыстарының нәтижесі бүгін «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалында талқыланды. Комиссия кураторы Нұрлан Ортаев тақырып аясында баяндама жасады. Оның айтуынша, бұл бағытқа 2 млрд. 58 млн теңге қаражат қарастырылып, биылғы жылы облыс аумағында 37 ауылшаруашылық кооперативін құру жоспарланса, бүгінге дейін 48 кооператив құрылып үлгерген.

Нұрлан Ортаев, «Аграрлық сектор» комиссиясының кураторы

Жалпы бүгінгі күнге ауыл шаруашылығы кооперациясы заңы аясында 2016-2017 жылы 3000 ға бағытында, оның ішінде сүт қабылдау пунктімен, мал сою пунктімен, көкөніс дайындау пунктімен, жүн-тері дайындау пунктімен құс өсіру бағытында бүгінгі күнге барлығы 151 аралас бағыттағы шаруашлық кооперативтері құрылған

Ия, кооперативтер құрылуда, шаруалар өз жұмыстарын мүлтіксіз атқарып келеді. Ендігі кезекте оларды жарақтандыруға барынша күш салынуы тиіс. Бірақ осы аталған мәселе бойынша Сарысу, Талас және Мойынқұм аудандарындағы кооперативтер несиелендірілмей отыр.  Ал Қордай, Шу аудандарында кооперативтерді модульді пунктермен жарақтандыру бойынша жұмысты жандандыруды қажет етеді.

Қайрат Аманов, Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары

Өткен жылы облыста пилоттық жоба ретінде 4 ауылшаруашылығы кооперативін құру керек болса, 2016 жылдың соңына дейін 6 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Оның ішінде сүт бағытынедағы Жуалы ауданында құрылған «Ақсай - 2016» , Байзақ ауданында «Талас-2016», «Бақытжан - 2016» кооперативтеріне 71 жеке қосалқы шаруашылық бірігіп, 270 млн теңге несие қаражатын алды

Облыс аудандарында 2015 жылы 62 мыңнан астам, ал 2016 жылы 45 мың гектардан астам игерілмеген егістік жерлері тіркелген. Байқасақ, пайдаланбаған ауыл шаруашылық жерлерінің көлемі жыл сайын қысқарып келеді. Әйтсе де, аталған мәселеде тоқмейілсуге болмайды. Өйткені, алдағы уақытта игерусіз бірде-бір жер қалмауы керек. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді игеру және ұтымды пайдалану – Мемлекет басшысының нақты тапсырмаларының бірі.

Қымбат Қаржауқызы, Асқар Әділ, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
20:10, 15 желтоқсан 2017
Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар