Көп тіл білгеннің көкжиегі кең

22:30, 14 наурыз 2017   103

Қазіргі таңда алты құрлыққа кең таралған ағылшын тілінде 1,5 млрд-тан астам халық сөйлейді. Бұдан бөлек қазақ жастарының арасында бірнеше тілді жетік меңгерген қыз-жігіттердің қатары жыл санап артып келеді. Мәселен, Жамбыл облысындағы жоғарғы оқу орындардың студенттері 7 тілде еркін сөйлейді. Мұны ескерген облыстық тілдерді дамыту басқармасы Полиглоттар клубын ашты.

Облыс жастарының тілдік қабілеттерін шыңдау мақсатында ашылған клубта қазір 60-қа жуық студент бар. Басқосуға келген полиглоттар Отан тақырыбындағы өлең шумақтарын ағылшын, қытай, корей, неміс, француз, араб тілдерінде оқыды.

Ғалия Боранбаева, Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы

2016 жылы Полиглоттартардың ең алғашқы форумын өткізген болатынбыз. Сол кезде облыс бойынша көп тілді білетін 200-ден астам жастар жиналды. Соның нәтижесінде жастардан осындай клубты ашып, жұмыс жүргізейік деген көп ұсыныстар түсті. Енді оларға қолдау көрсету мақсатында осы полиглоттар клубын ашып отырмыз.

Сағи Алтынкөп Тараз Мемлекеттік университетінің студенті. Бүгінде ол қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Болашақта биотехнолог маман болуды мақсат еткен Сағи «Көп тіл білу – білім жолында үлкен  мүмкіндіктерге жол ашады» дейді.  Жас өрен қазір осы клубтың президенті.

Сағи Алтынкөп, полиглоттар клубының президенті

Мен болашақта тағы француз тілін меңгергім келеді. бұл клуб арқылы сол ойымды жүзеге асырамын деп сенемін. Келешекте шет мемлекетке барып білімімді жетілдірсем де тіл білу маған көп көмектеседі.

Полиглоттар клубы тек Тараз қаласында емес, облысымыздың 8 ауданында да ашылды. Жиын барысында жастар осы аудандармен онлайн байланысқа шығып, әр түрлі тілдерде пікір алмасты. Қазір халықаралық кездесулер, көрме, мәдени іс-шараның дені әлемдік тілде өтетінің ескерсек бұл орталық жастардың болашағын жарқын етпек.

 

Ақерке Бектас, Ерболат Дәулетәлі «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40