ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ Толығырақ

КӨПБАЛАЛЫ АНАҒА КӨМЕК КЕРЕК

14:09, 10 сәуір 2019

Көпбалалы анаға көмек керек. Шу ауданының тұрғыны Бибінұр Әлишева  қайда барып жан бағарын білмей жүр. Жалғызбасты  - көпбалалы ана  Тасөткел елдімекенінде тіркеуде болғанымен, қазіргі уақытта Тараз қаласында тұрып жатыр. «қолының қысқалығынан» ауданға барып-келуі мұң болып отыр.

Барар жері қалмаған ана телеарна тілшілеріне өз тілегін жеткізді. Ал, Шу ауданының әкімі Қайрат Досаев телеарна тілшілерінің дабылынан соң барып, көмектесуге уәде беріп отыр. Әлеуметтік жәрдемақыға аса мұқтаж бұл отбасының қазіргі жағдайымен танысып қайтқан Қымбат Қаржауқызының бейнематериалы  

Бибінұр Әлишева 4 баланың анасы. Тараздағы мына бір аядай үйді уақытша жалға алып, тұрып жатыр. Отағасы  өткен жылы өмірден озыпты. Жалғызбасты ана 24 мың теңге жәрдемақыны небәрі үш ай ғана алыпты. Сосын, Шу ауданындағы шенділер тұрғылықты мекенжайда жоқсың деп, қысқартып тастапты, тапшылық тауқыметін тартқан жанның ендігі тілегі - балаларға берілетін жәрдемақыға ілігу.

Бибінұр Әлишева, көпбалалы – жалғызбасты ана

Мұнда көшіп келгендеріне үш айдың жүзі болыпты. Содан бері аракідік көршілері жанашырлық танытып,  қарайласып тұрады екен.

Алмаш Булиева, көршісі

4 баланың  екеуі мектепке қатынаса, екеуі үйде. Оларға бас-көз болып отырған қарт ана зейнетақы ала алмай отыр.  Себебі,  құжаты жоқ. Өткен жылы  Шу аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына сабылып жүріп, туу туралы куәлігін ғана  дайындатуға шамасы келіпті.   

Шәкира Сасықбаева, тұрғын

Түсірілімнен кейін біз Шәкира апайдың  мәселесін «Жамбыл - адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне жеткіздік. Ондағы мамандар құжатты қалпына келтіру ісін бастап кетті. Сосын,  Шу ауданының әкімі Қайрат Досаевпен байланысқа шығып, мәселенің мән-жайын түсіндірдік. Әкім әзірге уәде берді.

Қайрат Досаев, Шу ауданының әкімі

Осылайша,  Шу ауданы  әкімдігі мен «адалдық алаңының» өкілдері бұл отбасыға көмек көрсетететін болды.  Көпбалалы, жалғызбасты ананың отбасындағы ахуал  біздің де назарымызда бола бермек.

Қымбат Қаржауқызы, Өміртай Ыбырай, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар