ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖӘРДЕМ КӨБЕЙЕДІ

19:20, 10 қазан 2019

                                                       

 

2020 жылдан  бастап көпбалалы отбасыларға  жаңа әлеуметтік көмек беріледі. Мемлекеттік жәрдемақының бұл түрі отбасының  қандай да бір бюджеттік кірісін  есепке алмайды.  Әлеуметтік көмектің басқада талаптары жайында бүгін өңірлік коммункациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

 

Ағымдағы жылдың 9 айында 35 мыңнан аса отбасының 179 мың азаматына арнаулы әлеуметтік көмек берілді. Биылғы жылдың 1 сәуірінде тағайындалған бұл көмектің арқасында өңірде мемлекеттік жәрдемақыны алушылардың саны 2,5 есеге ұлғайды. Алайда, аймақта 7 мыңға жуық отбасы жеке табысын жасырып, заңсыз жәрдемақы алған. Қазіргі таңда 933 жанұяға берілген қаражатты қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, келер жылдан бастап 4 баладан жоғары әр отбасының ұл-қызына  10 мың 625 теңге тағайындалады. Сондай-ақ аз қамтылған отбасылардағы балаларға тегін  гигеналық, мектепке қажетті киім, ыстық тамақ және жол жүру билеті тағайындалады. Ал, осы уақытқа дейін халықтың алып келген 20789 теңге жәрдемақысы сол қалпында қала береді. Бірақ, атаулы көмектің бұл түріне жүгінушілерге талап күшейіп, тек шынайы мұқтаж жандарға ғана беріледі.

Тимуржан НҰРЫМБЕТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар