ШҰҒЫЛ! ӘУЛИЕАТА ӨҢІРІНІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨРСЕТТІ Толығырақ

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДЕН ӨРТ ШЫҚТЫ

20:15, 16 қазан 2019

 

Таразда көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шықты.  Оқыс оқиға кеше екінші мөлтек ауданында болды. Тосыннан шыққан тілсіз жау 120 пәтерлі үйдің шатырында орын алған. Қызыл жалынға оранған үй ішінен 80 адам қауіпсіз жерге шығарылып, құтқарылды. Қазіргі таңда аталған оқиғаға байланысты  жедел штаб тобы құрылып, тілсіз жаудың шығу себептері анықталуда.

Бұл көріністерде тұрғын үйдің шатыры лаулап жанып жатқаның анық байқауға болады. Күндізгі сағат 15:30 да өрт сөндіру бөліміне қоңырау түскен. Тұрғындарды аяғынан тік тұрғызған өрт мамандардың айтуынша бір сағаттың айналасында өшіріліпті.  Оқиға орнын оқшаулаған мамандар қазір тұрғындардың тізімін жасап, оларды жақын маңдағы әлеуметтік нысанға орналастырған. 840 шаршы метрді шарпыған тілсіз жауды ауыздықтауға 12 арнайы ауыр техникамен 60-ге жуық өрт сөндіруші жұмылдырылған. Қазіргі уақытта оқиға орынында арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр. Өрттің недеген шыққаны туралы әзірге ешқандай дерек жоқ.

Талғат Сабиров / Жамбыл облысы бойынша ТЖД басшысының орынбасары

Тақырып бойынша материалдар

АҚПАРАТТЫҚ ТОП СПОРТШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
20:05, 23 қыркүйек 2020
АҚПАРАТТЫҚ ТОП СПОРТШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІ - КҮН ТӘРТІБІНДЕ
20:11, 18 қыркүйек 2020
ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІ - КҮН ТӘРТІБІНДЕ
Толығырақ...