ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

КӨПТЕН КҮТКЕН КӨПІР

20:30, 16 сәуір 2018

Тараз қаласындағы бұрынғы мал базар аумағы тұрғындары үшін көптен күткен қуаныш. Көптен күткен көпір салынды. Жолы қысқарып, аяғы ұзарып, уақыты үнемделген  жұртшылықпен тілдесіп қайтқан Гауһар Рысбай әңгімелейді. Мұнда 900-ден астам үй бар болса, елді-мекенді қақ жарып Талас өзені ағады. Бұған дейін екі араны тек қылкөпірлер жалғап келсе, көлік тұрмақ адам өтуге қауіпті көрінетін. Тұрғындар әсіресе балалар үшін алаңдаулы еді. Іргедегі базарға да айналып баруға мәжбүр болатын.

Оразбек Өскенбаев/ тұрғын

қаланың шеті болғасын, құмыра сияқты болатын, кірген бетіңмен қайта шығатынбыз. Қазір міне сол құмыраның  шеті сөгіліп, орталық базарға жол салынып жатыр. Қанша уақыт үнемдейтін боламыз. Сондықтан қуанышымызда шек жоқ/

Жылдар бойы жыр болған  бұқараның базынасы биыл шешімін тапты. Құрылыс құны 71 млн тг. Енді 19-шы автобус ауыл ішіне қатынап, сауда орталығына тіке барады. Жол да салынып,  бастысы тұрғындар 4-5 шақырымды және уақытын   үнемдейтін болады.

Серік Желеубаев/ тұрғын

2-3 км жол салынып, көпірдің жан-жағы темірмен қоршалып, балалар үшін қауіпсіз болып жатыр. Сондықтан біз мына халықтың атынан ризашылығымызды білдіреміз. Кең көлемді жұмыстар жасала берсін, еліміз өркендей берсін/

Балайым Меркебаева/ тұрғын

Осыған дейін кішкене ғана болатын, бір мәшине әрең өтетін. Жол да салынды, ар жақтағы құрт су ішетіндер таза суға аузы жетіп отыр. Рахметтен басқа айтарымыз жоқ

Біткен іске қуанған  тұрғындар ас берді. Сондай-ақ, көшемізді жарықтандырып берсе деген тілегін  де жеткізді.

Гаухар Рысбай

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«JAMBYL» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН БАСТАДЫ
20:30, 18 қыркүйек 2018
«JAMBYL» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...