ШҰҒЫЛ! ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ Толығырақ

КӨПТЕН КҮТКЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІЛЕДІ

20:59, 12 ақпан 2019

Жаңатас қаласына жақын арада газ келеді. Ұзындығы   98 шақырымды құрайтын "Шаян - Еурохим - Жаңатас" бағытында газ құбырын тарту жобасы жоспарлануда. Құбырды жүргізу үшін 8 млрд. 800 млн. қаржы керек екен. Оған әзірге,  Республикалық бюджеттен 3,3 млрд қаражат қарастырылып қойыпты.

Сарысу халқынан осылай сүйіншілеген аудан әкімі Балабек Нарбаев былтыр атқарған жұмыстары мен алдағы өзге де жоспарларын жеткізді.

Ауданда 2018-2022 жылдарға арналған 8 инвест жоба бар. Бұл «Еурохим-Қаратау» серіктестігінен бөлек. Олардың жетеуі ағымдағы жылы орындалады деп күтілуде. Егер жоспар жүзеге асатын болса, аудан бюджетіне 51 млн теңге қосымша пайда түседі. Өндірісі дамыған өңірдің өнеркәсіп саласында да өсім байқалған. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,1 пайызға артық орындалып отыр.

Балабек НАРБАЕВ - САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Сарысуда табиғи газ тарту, ауыз сумен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту бағыттарында үздіксіз жұмыс жүргізіліп келеді. Бүгінде 26 ауылдық елді мекеннің 13-і орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. «Ал, Қызылдихан, Арыстанды ауылдарындағы құрылыс биыл аяқталады»,- деді аудан әкімі. Әлеуметтік мәселелердің шешілуі де біртіндеп жолға қойылып келеді.

2 АУДАН ТҰРҒЫНЫ

Ауданда шешімін күткен мәселелер де жоқ емес. Атап айтқанда Жаңатас қаласында барлығы 93 көше бар болса, олардың 72-сі қайта жөндеуді қажет етеді. Сондай-ақ, қаңырап тұрған үйлерді қайта қалпына келтіру де алдағы уақыттың еншісінде. Тағы бір айта кетерлігі, биыл сол санаттағы 2 көпқабатты тұрғын үйді жөндеуге бюджеттен 850 млн қаржы бөлініпті.

Б. Сабыржан, Ө. Ыбырай, «ЖҚ» Сарысу ауданынан,

Тақырып бойынша материалдар

ЖҰМЫС ПЕН БАСПАНА МӘСЕЛЕСІНЕ – ЖАҢА ШЕШІМ!
21:05, 15 ақпан 2019
ЖҰМЫС ПЕН БАСПАНА МӘСЕЛЕСІНЕ – ЖАҢА ШЕШІМ!
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС
21:03, 15 ақпан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ
13:47, 11 ақпан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ
Толығырақ...
УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕУ – САПАЛЫ ӨМІР БАСТАУЫ
14:38, 12 ақпан 2019
УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕУ – САПАЛЫ ӨМІР БАСТАУЫ
Толығырақ...