Қордайлық дихандар мол өнім алды

19:58, 16 тамыз 2017

Биылғы жылы Жамбыл облысында 257 863 гектар масақты дәнді дақыл егілген. Оның қазір 96,3 пайызы қамбаға құйылды. Мол өнім алудан Тұрар Рысқұлов, Меркі және Қордай аудандарының дихандары жоғарғы көрсеткіш көрсетті.

Қордай ауданында биылғы жылы 46 мың гектар жерге бидай егілсе, оның 45 мыңнан астам бүгінде жиналып бітті. Қазір тау бөктерінде жатқан ауылдарда ғана жиын терін уақыты қызып тұр. Солардың бірі Үлкен Сұлутөр ауылдық оркугі. Онда биыл 3600 гектар жерге масақты дәнді дақыл егілген.

Нұржан Молдабеков, Қордай аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

Биылғы көрсеткішіміз жаман емес. Жалпы, аудандағы барлық шаруашылықтар өнімді уақытылы жинады. Орташа көрсеткішіміз гектарына 24 центнерден айналады

«Сұлутөр» шаруақожалығы биыл 1200 гектар бидай, 1300 гектар жерге арпа дақылын екті. Қазір бұл шаруашылықта жиын терін жұмыстары жүріп жатыр. Егістік алқабында 20 ауыл тұрғыны жұмыс істейді. Олар комбайн, трактор жүргізушілері мен жергілікті механизаторлар. Сұлутөрлік шаруалар негізінен «Стекловидная -24» күздік бидай тұқымын егеді.

Талғат Жылысбаев, «Сұлутөр» ШҚ бас агрономы

Біз таулы аймақта орналасқандықтан өнімді де өзге өңірге қарағанда бір ай кеш жинаймыз. Қазір жұмыс барысының қызған шағын. Аптаның аяғына дейін жиын терінді түгелімен аяқтамақшымыз

Үлкен Сұлутөр ауылындағы бұл шаруашылықтағы техника мәселесі де оңатайлы шешілген. Былтыр лизингке Беларуссиядан су жаңа «Палессе» атты төрт комбайын алынды. Бидайды ұзақ уақыт сақтауға болатын қоймалары тағы бар. Қазір егіс басынан орылған дәнді –дақыл тазалау үшін қырманға құйылуда.

Серік Ермеков, «Сұлутөр» ШҚ төрағасы

Біздің шаруашылық 1998 жылдан бері осы егістікпен айналысып келеді. Себебі жеріміздің барлығы арпа, бидай егуге қолайлы келеді. Оның үстіне мұнда жауын- шашын мөлшері де жоғары. Биыл да жылдағыдай жақсы көрсеткіш көрсетеміз деп ойлаймын

Жамбыл облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша қазір облыста масақты дәнді дақылдарды жинау науқаны аяқталуға жақын. Биыл облыс бойынша орташа өнім көлемі гектарына 23, 8 центнерді құрады.

Айбол Қарашев, Ғалымжан Есенбай, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жамбылда өтеді
20:50, 22 қыркүйек 2017
«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жам...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
20:56, 18 қыркүйек 2017
Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
Толығырақ...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
20:47, 18 қыркүйек 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
Толығырақ...
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...