ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚОСАЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҚ – ҚОСЫМША ТАБЫС КӨЗІ

19:25, 11 шілде 2019

Ауылдағы ағайынның басым бөлігі табыстың көзін алыстан емес, өз ауласынан табу керек. Бұл Аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың  өңірді дамыту жолындағы басым бағытттарының бірі.  Сонда ғана ауыл дамиды, елдің еңсесі көтеріліп, жағдайы жақсарады. Бұл бағытта Талас ауданы тұрғындары істі бастап та кетті. мәселен, Үшарал ауылында бүгінде шағын ауладан пайда тауып отырғандар бой көрсете бастады.

Қосалқы шаруашылық – қосымша табыс көзі. Өзінің шағын ғана ауласын тиімді пайдаланып отырған Жайлау Тұрмахамбетов осылай дейді. Ол кішкентай жерге қияр, қызанақ, қырыққабат, жүгері мен өзге де бау-бақша өнімдерінің түрлерін еккен. Нәтижесінде, отбасымен қысы-жазы ештеңке сатып алмайды. Тіпті, артылып жатса, арзан бағада көршілеріне сатады.

Жайлау ТҰРМАХАМБЕТОВ ҮШАРАЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Жалпы, Үшарал ауылдық округі бойынша қарапайым заттар экономикасын түсіндіру бағытында ауылдық әкімдік өкілдері барлық аулаларға бас сұғып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп үлгерді. Осының арқасында елді мекеннен 200 ден астам түрлі жобалар ұсынылып отыр.

Рақымжан АЙТУОВ ҮШАРАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Жұртшылықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін жүргізіліп жатқан қосалқы шаруашылықты дамыту жобасы Жамбыл жерінде сәтті жүзеге асады деген сенім мол дейді ауыл тұрғындары.

А. ҚАРАШ. Ғ. ЕСЕНБАЙ «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
20:49, 18 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар