ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ Толығырақ

КӨШБАСШЫЛАР ФОРУМЫ

13:54, 11 ақпан 2019

«Тәуелсіздік ұрпақтар – ол бүгінгі жалынды жастар». Осындай атаумен шаһардағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінде жас көшбасшылардың форумы өтті. Шараға  өзге де мектептерден бас-аяғы 150-ге жуық  оқушылар қатысты. Мақсат – білім мекемелеріндегі мектептердегі түрлі ұйымдардың басын біріктіріп, өзара ой алмасу. Өрендердің өресі мен танымын кеңейту.  

Жастар жылына арналған оқушылар форумына   облыс пен қала мектептерінен үйлестіруші мамандар да қатысты. Сондай-ақ, «Жас Отан» мен «Жас ұлан»  да арнайы шақырылыпты. Бүгінгі оқушы ертеңгі студент, келешекте тізгін ұстар маман. Сондықтан тұлғалық дамыту кездесуге ЖОО-ының да студенттері  белсене қатысты. Шәкірттердің шағын форумы ерекше форматта өтті. Келген  қонақтар мен спикерлер  жастар арасындағы түрлі мәселелер бойынша өз идеяларымен бөлісті. Жас өрендердің форумын енді әрмен қарай да жиі өткізу жоспарда. Өйткені ерек жиын жастардың көзқарасын дамытып, көкжиегін кеңейтеді, дейді мамандар. Интеллектуалды алаң құру мақсатымыз деп қайырды ұйымдастырушылар.

 

Айша ЖОЛДАСБЕКОВА  НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар