ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

19:08, 18 маусым 2020

Көшпелі қоғамдық қабылдау әлі де жалғасуда. Тұр,ындардың талап-тілегіне құлақ түріп, билік пен халық арасын нығайтуға бағытталған шара бүгін ауылшаруашылығы жәрмеңесі базарында ұйымдастырылды.

 Қала әкімінің мұрындық болуымен өткізілген жиынға барлық сала мамандары қатысып, тұрғындардың  мәселесіне зер салды.  Шара барысын әріптесім Ардақ Сапибулла баяндайды.

Облыс әкімі Б. Сапарбаевтың бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес көшпелі қоғамдық қабылдау  әлі де жалғасу үстінде.  14 сала бойынша мамандардың кеңесіне жүгінуге келген халықтың қарасы көп-ақ.  Бірі тұрғын үй мәселесі аясында мамандардан кеңес сұраса, бірі кәсіпкерлік саласы бойынша қажет құжаттарын реттей алмай жүрген көрінеді. Ал, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған жолдың өте тар екендігін айта келген қала тұрғыны,  шаһар басшысына  мән-жайды түсіндіріп, шешіп беруін сұранды.

Жауаптылардың сөзіне сүйенсек, көшпелі қоғамдық қабылдау қала аумағындағы барлық мөлтек аудандарда өтетін болады.  Бірақ тұрғындар басқосуға карантиндік шараларды сақтап, бетперде тағып келуі тіс. Мамандар, денсаулық сақтау арқылы жақыныңа жанашыр бол дегенді айтады.

Айтқазы ҚАРАБАЛАЕВ- ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Базар маңында өткен қоғамдық қабылдау маусым айының аяғына дейін жалғасатын болады. Ал, жоспарлы түрде мұндай кездесудің қай ауданда өтетіні әлеуметтік желілерде жарияланып, тұрғындар назарына ұсынылатын болады дейді жуаптылар.

А.Сапибула. Ғ.Есенбаев «жамбыл ньюс»

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ: САЛАҒА СЕРПІЛІС КЕРЕК
10:25, 7 шілде 2020
БІЛІМ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ: САЛАҒА СЕРПІЛІС КЕРЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ: САЛАҒА СЕРПІЛІС КЕРЕК
10:25, 7 шілде 2020
БІЛІМ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ: САЛАҒА СЕРПІЛІС КЕРЕК
Толығырақ...