ШҰҒЫЛ! САЛЫҚТАН ЖАЛТАРҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

КӨШПЕЛІ КӨРМЕ – КӨПШІЛІКТІҢ СҰРАНЫСЫНА ИЕ

20:30, 16 мамыр 2018

Көшпелі көрме – көпшіліктің сұранысына ие. Халықаралық музей күніне орай Тараз қаласында осындай бірнеше көрме ашылды.  Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи-мәдени-этнографиялық орталық күміс бұйымдар топтамасын көпшілік назарына ұсынса, жамбылдықтар «Қарахан мемлекеті» тұсындағы тарихи жәдігерлерді осы көрмеге қойды.

Мына көздің жауын алатын күміс бұйымдар - Түркістан қаласынан әкелінген тарихи топтама. Он тоғызыншы және жиырмасыншы ғасырға тиесілі. Күміс металлдың адам ағзасына пайдасын жетік білген ата-бабаларымыз әр әшекейді өзгеше зерлеп соқтырған. Көрмеге қойылған хан мен ханшаның отау жүзігі, шашбау мен алқа, белдік пен  білезік бір біріне ұқсамайды.

Омар Жексембаев – ОҚО тарихи-мәдени – этнографиялық орталығының жалпы экскурсиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі / Бұл мұралардың барлығында үлкен терең астар жатыр.Сол терең астарды ұғынып, түсінсе, біздің жастарымыз да сол саналы ғұмыр кешуге, рухани жағңғыруға үлес қосады деп ойлаймын/

Келесі көшпелі көрме – туристер көп келетін Қарахан баба кесенесінің аумағына қойылды. Мұнда Қарахан мемлекеті тұсында қолданылған тұрмыстық бұйымдар мен мыс тиындар  қойылған. Тоғыз ғасыр бұрынғы тарихи жәдігерлер шет мемлекеттен келген туристерді де таң қалдыруда.    

Даниэля Рабитти –Италиядан келген турист/өте, өте қызықты мемлекет екен. Музейге келгеніме қуаныштымын. Біздің елде дәл мынадай ескерткіштер жоқ. Біздегі тарихи архитектуралық нысандар басқаша,үлкен қамалдар, қорғандар секілді. Мұндағы этнографиялық музейлер өте ұнады/

Асылжан Шайділдаев – «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық – музейінің мәждени қызметкері  /Мұнда тәу етіп, зиярат етіп келетіндер тек бабамыздың басына зиярат етіп қана қоймай, Қарахан империясындағы құнды жәдігерлерімізді, тарихи-мәдени осындай құндылықтарымызды көруі үшін соны тамашалауы үшін ашып отырмыз. Бұл жәдігерлер – сол дәуірдегі біздің бабаларымыздың мәдени тұрғыдан да дамығандығының дәлелі.

Көшпелі көрмеге қойылған құнды экспонаттарды келушілер бірнеше күн бойы тамашалайтын болады.  

Г.Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ПРОКУРОР  ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:20, 13 тамыз 2018
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ПРОКУРОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...