ҚР Инвестиция және даму бірінші вице-министрінің Жамбыл облысына жұмыс сапары

16:33, 18 тамыз 2017

Кеше  Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму вице-министрі Жамбыл облысына келіп, бірқатар әлеуметтік-өндірістік  нысандардың жұмысымен танысты. Алик Айдарбаев өңірдегі жұмыс сапары барысында Сарысу және Талас аудандарына да барды.

Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Әулиеата өңірінің өндірістік өркендеуіне ерекше ден қойды. Сондықтан бірқатар кәсіпорға арнайы барып, зауыттардың бүгінгі мүмкіндіктерімен танысты. Соның бірі «Запчасть» акционерлік қоғамы. Кәсіпорын өңірдегі машина бөлшектерін жасайтын өңірдегі ең ірі кешен болып табылады. Ондағы өнімдер темір жол көлігі, жылу энергетикалық кешені мен тау кен байыту салаларында қолданыста. Ұжым 2018 жылдан бастап өз мүмкіндіктерін молайтуды жоспарлап отыр. Өз өнімділігін 305 мың тоннаға жеткізуді мақсат еткен кәсіпорын қазіргі таңда шет елден жаңа құрылғылар әкеліп, қызу дайындық үстінде.

Алексей Зайцев, «Запчасть» АҚ атқарушы директоры

Біздің зауытта қазіргі күні өнім шығару жұмысы екі өндірістік цехта жүзеге асырылады. Оның бірі өнімділігі жылына 16 мың тоннаны құрайтын индукциялық пештер базасы бар болат балқыту цехы. Екіншісі – өнімділігі 180 мың тоннаны құрайтын үздіксіз балқыту машинасыы. Келер жылы біз өнімділігімізді ұлғайтып, тағы да 50 жаңа жұмыс орнын ашамыз.

Аймақтағы ірі кәсіпорындардың бірі «Таразкожобувь» серіктестігі. Зауыт соңғы 3 жылда қайта жанданып, өнімнің сапасын арттыру мақсатында мұндағы техникалар заманауи талаптарға сәйкес қайта жаңартылуда. Мұнда жылына 400 мың жұп аяқ киім тігіп шығарады. Зауытта  365 адам жұмыс жасайды. Олардың орташа айлық жалақысы 68906 теңге.

Инвестиция және даму бірінші вице-министрі одан ары қарай Сарысу ауданына барды. Мұнда бірқатар делегаттар «Қаратау»  тау-кен өңдеу  кешенінде болды. Әзірге мұнда үш кеніштен 418 млн тонна фосфорит қоры жиналады. Кәспорын өнімдеріне  елімізден бөлек Өзбекстанда, Қырғызстанда және Ресейде де үлкен сұранысқа ие. Қазір кешеннің өнімін екі есеге ұлғайту жұмыстары кезең кезеңімен жүргізілуде.  2017 жылы басталған дамыту жұмыстары 2020 жылға дейін жалғаспақ.

Мұратқали Сәрсенов, «Қаратау» және «Шолақтау» кешенінің директоры

Біз қазір Көксу кешенінде тұрмыз. Мұнда екі тау қопару кешені бар. Қаратау және Шолақтау. Мұнда  кен қазып алып, оны дайындаудың алғашқы кезектегі жұмыстарын атқаратын кешендер бар. Сондай-ақ автокөлік және теміржол цехтары, механикалық-жөндеу және құрылыс-жөндеу бөлімшелері жұмыс істейді. Өнімнің жалпы көлемі 1 млн 600 млн тоннаны құрайды.

Жұмысшы топ сондай-ақ жетекші агрохимиялық компаниялардың бірі – «Еурохим» компаниясында болды. Мұнда 2013 жылы «Көк-Жон» кен орнында бұрғылау-қопару, кен өндіру жұмыстары басталды. Ал, 2016 жылы минералдық тыңайтқыштардың 1 млн тоннадан астам көлемін өндіретін химилық кешен салу жұмыстары басталды.  950 млн АҚШ долларын құраған кешен биылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Осындай жағымды жаңалықтың жүйелі жұмысын көзбен көрген Алик Айдарбаев ірі зауытқа тиесілі «Арал - төбе» кен ошағында  көрді.

Ал, Талас ауданындағы танысқан  алғашқы нысандардың бірі  - «Талас Инвест компаниясы». Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2014 жылы іске қосылған зауытқа тартылған инвестиция көлемі 1 миллиард 200 млн теңгені құрады. Жылына мұнда қазір 15 мың тонна натрий мен 5 мың тонна амоний сулльфаты шығарылады. Бірінші вице-министр сондай-ақ осы аймақта  орналасқан «Қаратау Про» мен «Жамбыл недр» зауытана арнайы барып, олардың алдағы жұмыс жоспарларымен танысты.

Жұмыс сапарын осында қорытындылаған Алик Айдарбаев бірқатар зауыт жетекшілерінің ұсыныстарын  тыңдап, айтылған пікірлер бойынша үкімет көлемінде жұмыстар атқарылатынын жеткізді. Сондай-ақ  өндірісі өркендеген аймақтағы ілкімді істерге оң бағасын беріп, жауаптыларға бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

Мархаббат Көпбосынова, Асқар Әділ, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жамбылда өтеді
20:50, 22 қыркүйек 2017
«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жам...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
20:56, 18 қыркүйек 2017
Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
Толығырақ...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
20:47, 18 қыркүйек 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
Толығырақ...
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...