ҚР инвестиция және даму бірінші вице-министрінің жұмыс сапары

17:38, 17 тамыз 2017

Жамбыл облысына Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев жұмыс сапарымен келді. Өңірдегі бірқатар өндіріс-кәпіорындарды аралап, олардың жұмысымен танысты.

Алик Айдарбеков  алдымен өңірдің өркендеуіне сүбелі үлес қосып отырған минералды тыңайтқыштар шығарумен айналысатын «Қазфосфат» зауытына барды. ірі өндіріс орны индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс істеуде. Жобалық қуаты: жылына 180 мың тонна аммофос, 72 мың тонна трикальцийфосфат, 80 мың тонна суперфосфат өндіреді.  Кәсіпорында 946 адам жұмыс істейді.

Инвестиция және даму бірінші вице-министрі одан ары қарай «Тараз металлургиялық зауытының» жұмысымен танысты.Жауапкершілігі шектеулі серіктестік темір қорытпа өндірісін және шикізат базасын әртараптандыру мен кеңейту жұмыстарына ден қойған. Жобаның құны – 11 жарым миллиардтан астам теңге. Іске асырылу мерзімі 2011 жылдан 2020 жылға дейін. Нақтылы кезеңде 1335 адам құрылыста жұмыс істеп жатыр. Ал толық іске қосылған кезде жұмыс орны 1570-ке дейін көбейеді.

Жұмысшы топ сондай-ақ, жылына 180 мың тонна металл бұйымдарын шығаратын «Запчасть» АҚ электроматериалдық зауытқа барды.мұнда  843 адам жұмыс істейді.

Ал Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округіндегі гипс және гипсокартон шығаратын «Казупак трейд»  ЖШС-гі нің жобалық қуаты 150 мың тонна. Сондай-ақ, Алик Айдарбеков «Таразкожобувь» серіктестігінің жұмысымен де танысты. 2002 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын жылына 400 мың жұп аяқ киім тігіп шығарады. мұнда 365 адам жұмыс жасайды. Олардың орташа айлық жалақысы 68906 теңге.

Бірінші вице-министр барған келесі нысан – «Фабрика ПОШ -Тараз»ЖШС. Фабриканың бас директоры кәсіпорынның 2008 ыжлдан бері қарқынды жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. Жылына 800 тонна жүн жуады. Қазір Қытай және Ресей мемлекеттермен тығыз байланыста. Небәрі 20 адам жұмыс істейді.

Жұмысшы топ сондай-ақ, «Құрғақ құрылыс қоспаларын және жұқа ұсақталған толтырғыштар мен гипс өндіретін  «Алина холдинг» зауытына барды. бұл жоба 2015-2019 жылдарға арналған еліміздің индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Жобаның жылдық қуаттылығы -40 мың тонна. Мұнда 105 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Аягөз Тілеуханқызы, Асқар Әділ, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жамбылда өтеді
20:50, 22 қыркүйек 2017
«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жам...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
20:56, 18 қыркүйек 2017
Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
Толығырақ...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
20:47, 18 қыркүйек 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
Толығырақ...
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...