ШҰҒЫЛ! АПАТТЫ МЕКТЕПТЕР ЖОЙЫЛУДА Толығырақ

ҚР ПРЕМЬЕР МИНИСТРІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖҰМЫС САПАРЫ

14:09, 12 сәуір 2019

Алдағы,  3 жылда еліміз бойынша әлеуметтік саладағы мәселелерге қазынадан  2,3 трлн теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр. Мұндай қыруар қаржы бұған дейін әлеуметтік салаға қарастырылмаған екен. Бұл туралы ҚР Премьер министрінің орынбасары Жамбылдық кәсіпорын басшыларымен кездесуінде айтты. Жиында сондай-ақ, жұмыскерлердің баспана және жалақы мәселелері сөз болды.

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» атты жаңа бағдарламасы әзірленді. Енді,  көпбалалы, толық емес, мүгедек баласы бар отбасылары банк арқылы ең төменгі пайыздық үстемақымен баспаналы болмақ. Бұдан бөлек, тағы бір имаңызды бағыт,  ірі кәсіпорын басшылары да қарамағында жұмыс істейтін қызметкерлеріне алғашқы жарнаны төлеуіне сондай-ақ үй алуына көмектесуі  тиіс.

Гүлшара Әбдіхалықова   ҚР Премьер министрінің орынбасары

Сондай-ақ, жиында аймақтағы еңбеккерлерге берешегі бар компаниялардың мәселесі сөз болды. Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Жылқыбаевтың айтуынша еліміз бойынша түрлі кәсіпорындар жұмыскерлерге 1,7 млрд теңге қарыз екен.

Ержан Жылқыбаев  ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі

Қарызы бар кәсіпорындар алдағы айда жалақыларын түгел береміз дегенді айтты. Бұл мәселе  әкімдіктің назарында. Берешегі бар компаниялардың басым бөлігі алдыңғы жылдары банкрот деп танылған. Осылай деген аймақ басшысы Асқар Мырзахметов министрлікке ұсыныс жасады.

Асқар Мырзахметов  Жамбыл облысының әкімі

Бұдан бөлек, жиында ірі кәсіпорындар да жұмыс істейтін, бірақ баспанасы жоқ қызметкерлердің мәселесін шешу туралы ұсыныстар айтылды.                          

Данияр Асқарұлы  Өміртай Ыбырай «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУДЫ ӨТКІЗУ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАР - КЕҢЕС
22:12, 24 мамыр 2019
САЙЛАУДЫ ӨТКІЗУ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАР - КЕҢЕС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮЛЕКТЕР ТАҢДАУЫ - БАНКЕТ ЕМЕС, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ
18:49, 23 мамыр 2019
ТҮЛЕКТЕР ТАҢДАУЫ - БАНКЕТ ЕМЕС, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ
Толығырақ...
САТУШЫСЫЗ АДАЛДЫҚ ДҮКЕНІ – ТӘРБИЕ МЕКЕНІ
18:29, 21 мамыр 2019
САТУШЫСЫЗ АДАЛДЫҚ ДҮКЕНІ – ТӘРБИЕ МЕКЕНІ
Толығырақ...