ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ Толығырақ

ҚР ПРЕМЬЕР МИНИСТРІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖҰМЫС САПАРЫ

18:45, 12 сәуір 2019

Вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықованың Жамбыл облысындағы жұмыс сапары Жамбыл жоғары политехникалық колледжінде түйінделді.

Мұнда Үкімет басшысының орынбасары оқу орнының материалды-техникалық базасымен танысып, колледж студенттерімен еркін форматта кездесу өткізді.Оқу-ордасының тынысымен танысқан Гүлшара Наушақызы техникалық мамандықтардың қашанда сұраныста болатынын атап өтті.  Бұлбілім ордасы еліміздегі сапалы әрі білікті мамандар даярлауда «Кәсіпқор» республикалық холдингінің 10 жетекші колледждің қатарына енген. Кездесу барысында жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Үкімет басшысының орынбасары білім мекемесінің сапалы маман даярлауда мүмкіндігі мол екендігін жеткізді.

Гүлшара Әбдіхалықова   ҚР Премьер министрінің орынбасары

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар