ШҰҒЫЛ! САЛЫҚТАН ЖАЛТАРҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

Құқық қорғау саласының 32 қызметкері пара алу фактісі бойынша сотталды

13:19, 13 ақпан 2018

Бүгінде құқық қорғау қызметкерлерінің  арасында өзі заң талаптарын елемейтіндер бар. Осы салада  сыбайлас жемқорлыққа фактісі бойынша сотқа жолданғандары да бар.Салынған көлемді айыппұлдарға және бас бостандықтарының шектелгендігіне қарамастан құқық қорғау қызметкерлерінің арасында әлі де пара алатындар жоқ емес. Толығырақ, бейнематериалымызда.

Жалпы сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша өткен жылы 82 азамат тың ісі қаралған. Оның 32-і құқық қорғау саласының мамандары болса, 20 – ы полиция, 5- көші-қон полициясы,  2-і қылмыстық –атқарушы жүйе қызметіндегілер. Ал, тағы 5 азамат мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері. Олардың кейбірі 8 жыл бас бостандығынан айырылса, кейбірі 5 млн тенгеге дейін айыппұлмен құтылған.

Нұрмұхаммат Абидов,Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөнінде СОТТАР алқасының төрағасы Біз қараған істердің 80 пайызы айыппұлын мерзімінде төлеген және бұл жөнінен ешқандай арыз келіп түспеді. Ал, айыппұлдан түскен барлық қаражат мемлекеттік бюджетке аударылып отыр.

Иә, сыбайлас жемқорлыққа қатыстылығы анықталып сотталған азаматтар аз айыппұл төлемейді.  Сол себепті олар істі аяғына жеткізбей осындай әрекеттерге барады.   Көп жағдайларда,  полиция қызметкерлері азаматтардан ешқандай себепсіз пара талап етеді екен.

Нұрмұхаммат Абидов,Жамбыл облыстық қылмыстық істер ЖӨНІНДЕ СОТТАР алқасының төрағасы

Көптеген қылмыстық істер құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалануымен байланысты. Атап айтқанда, олар күдікті деп танылған азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тартпау, адамдардан туыстарынан ақшалай сыйлықтар алуға тырысады. Нәтижесінде, іс жүзінде болған қылмысты  болмағандай етіп жаба салады.

Жемқорлықпен күрес ұзақ жылдар бойы жалғасып келеді,-дейді мамандар. Алайда, оңай жолмен ақша тауып жүргендер әзірге әдетін доғарар емес.

 Нұртаза Шоқатаев, Нұрлыбек Құдияров «Жаңалықтар қызметі»

2017 ЖЫЛҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІСІ БОЙЫНША СОТТАЛҒАН АЗАМАТТАР САНЫ

Барлығы 82 азамат

32 – құқық қорғау органдарының қызметкерлері

20 – ішкі істер органдары қызметкерлері

5 –  көші-қон полициясы қызметкерлері

5 – Жамбыл облыстық мемлекеттік кірістерді депратменті қызметкерлері

2 – қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ПРОКУРОР  ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:20, 13 тамыз 2018
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ПРОКУРОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...