ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚҰРБАН АЙТ - БАРША МҰСЫЛМАННЫҢ ҰЛЫҚ МЕЙРАМЫ

18:42, 9 тамыз 2019

Осы жексенбі, яғни, 11-ші тамыз күллі мұсылман қауымының қасиетті мерекесі  Құрбан айт басталады. Ал, еліміз бойынша айт намазы таңғы сағат жетіге белгіленіп отыр. Намаздан соң ғана  құрбандық шалуға рұқсат беріледі.

Биыл Әулиеата өңірінде ұлық мереке шарапаты мол шараларға толы болмақ. Бұл күндері көпшілік орындарда дәстүрлі ойындар ұйымдастырылады. Дастархан жайылып, мұқтаж жандарға тегін  ет үлестіріледі. Мешіттердің өзі былтыр 5 мыңнан аса отбасыға ет таратса, биыл одан да көп қамтуды жоспарлап отыр.

Құрбан айт жайлы  Ш.Мұратбекұлының арнайы репортажы   

Құрбан айт - Ораза айттан кейін 70 күннен соң басталып, 3- күнге созылатын ұлық мейрам. Бұл күн барша мұсылман қауымы асыға күтетін ең үлкен мереке . Мереке қарсаңында әр адам Аллаға ұнамды амал жасап,  сауап жинауға тырысады. Сондай-ақ,  әр мұсылман  мүмкіндігі болса құрбан шалады. Ол 85 грамм алтыннан асатын дәулеті бар адамға парыз болып саналады.

Алланы бір пайғамбарды хақ деп санаған әр бір мұсылман үшін ұлық мейрам өңірімізде жылда жоғары деңгейде аталып өтіледі. Облыс  мешіттерінде  де бұл күнге арналып, арнайы іс – шаралар жоспары  бекітіледі.

Қанат ЖҰМАҒҰЛ – «ҺИБАТУЛЛА  - ТАРАЗИ» МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ

Құрбан айт – діни мереке болғанымен халқымыздың салт- сана, тұрмыс тіршілігіне сіңіп кеткен.  Тарихи құжаттарға сүйенер болсақ, қазақ жерінде 1926 жылға дейін Ораза айт 3 күн, Құрбан айт 3 күн, Наурыз 1 күн ресми мереке ретінде тойланып келген.

Ерзат ЖАҚЫПОВ – ДІНТАНУШЫ

Хақтың рақым - нұрына бөленіп, мейіріміне кенелу әр мұсылманның арманы екені ақиқат. Құрбандыққа негізінен қой-ешкі, сиыр және түйе шалынад. Ірі қара малды үш немесе жеті адам бірігіп құрбандыққа шалуға болады. Ал, бұл күндері жұмыс аптасымен бірге келгендіктен демалыс берілмейді.

Ерзат ЖАҚЫПОВ – ДІНТАНУШЫ

Біз қәзір Төле би көшесінде орналасқан шығын қасапханада тұрмыз. Мұнда қәзір Шоапан ата тұқымы саудаға қойылған. Ал, оның бағасы қандай? Тұрақты ма? Оны біз Асқарбек мырзадан сұрап көрсек.

  • Сұрақ: Құрбан айт мерекесіне орай мал бағасы қымбаттады ма?

Асқарбек КӘРІБАЕВ – КӘСІПКЕР

Мал етін үшке бөліп, бір бөлігін мұқтаж жандарға, екінші бөлігін туған-туыстарға немесе көршілерге, ал қалған бөлігін өз отбасына алып қалуына да болады. Есіңізде болсын,  құрбандыққа елік, арқар сияқты аңдар мен тауық, қораз, қаз, үйрек сияқты құстар шалынбайды. Ал, ең бастысы айт мерекесінде халықтың ынтымағы мен бірлігі артып,  тірлігі мен ниеті ортақ арнаға тоқайласады.

Ш. Мұратбекұлы, Н. Құдияр «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
19:00, 11 қараша 2019
ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
Толығырақ...