ШҰҒЫЛ! ЖҮЙЕСІЗ ҚҰРЫЛЫСҚА КІМ ЖАУАПТЫ? Толығырақ

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ЖАЛҒАСУДА

18:56, 12 тамыз 2019

Күллі мұсылман қауымы ұлық мерекелердің бірі Құрбан айт басталды. Әулиеаталық әлеумет те жексенбінің таңында басталған  Мейрамның алғашқы күні таң алакеуімнен мешіттерге ағылып,   айт намазын оқыды.

Бұл күні орталық Һибатулла Тарази мешітіне облыс әкімі Асқар Мырзахметов арнайы барып, аймақ тұрғындарын қасиетті құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Орталық Һибатулла Тарази мешітіне келушілер көп. Тек мейрам күндері ғана емес, жай күндері де халық қарасы үзілген емес. Ал, қасиетті күні жиылған көпшілік саны екі есе артты. Жамағатқа  мешіт имамы ұлық мерекенің маңызын түсіндіріп, сауаптан құр қалмау керектігін айтты.

Сағат таңғы жетіде Алла үйіне жиылған жұрт құбылаға бас бұрып, сап түзеп айт намазын оқыды. Мерекеде аймақ басшысы өңір тұрғындарын құттықтап, жұртшылыққа изгі ниетін жеткізді.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ал, айт намазынан кейін мешіт маңындағы арнайы орында  құрбандық шалынды. Сойылған мал еті,  мұқтаж жандарға таратылып, үлестірілді.

Аян Ермекұлы. «ҚОЙ СОЙЫП ЖАТЫП СӨЙЛЕЙДІ»

Жалпы мешітте қауышқан мұсылман қауымы мерекелік көңіл күйде жүр. Шарапаты мол шаралар қайырымдылықпен жалғасып, мешіттерде ұлттық спорт ойынарына кезек берілді.

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ

Осылайша, маңызды күннен қалмай, мерекенің мерейін арттырған қараша халық Алла үйінің алдынан айттық жеп тарқасты. Ал, қасиетті құрбан айт мерекесі 13 тамыздың кешіне дейін жалғасады.

А.Ермекұлы, Н.Құдияр  «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА   ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
18:52, 17 қыркүйек 2019
ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
18:57, 11 қыркүйек 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
Толығырақ...