ШҰҒЫЛ! ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚҰРМЕТ ПЕН ҚОЛҚА

20:25, 10 маусым 2019

Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов 70-тің белесіне шыққан қаламгер Мақұлбек Қайыпбекұлын жеке қабылдап, құрмет грамотасын табыстады. Бұл басқосу орамды ой айтылған отырыс болды.

Сан-салаға қалам тербеген жазушының өлкеміздің өткенін қаузай жазып, тарихын терең қопарған рухани һәм тарихи тағлымды 18 кітабы жарыққа шыққан.  Өз кезегінде облыс әкімі қаламгердің жазары көп екеніне сенім білдірді. Әсіресе облыстың сексен жылдығына орай шығарылатын 80 томдық энциклопедияға мол мағлұмат жинақтап жүйелеуге қолқа салды. Шаруа шаш етектен. Әлі сыры толық ашылмаған не аймақтағы елеусіз қалған киелі жерлермен, тек сан түрлі аңызға арқау болған әулиелерді зерделеуге ұсыныс білдірді. Негізсіз де емес. Мәселен бір ғана Айша бибі жайында тарихи еңбектер ел аузынан жеткен аңыз әңгімелер желісінде ғана құрылған. Осындай көнеден жеткен жайттарды білікті тарихшыларды тарта отырып нақты тоқтамға тоқайластыру жайы айтылды.

Тақырып бойынша материалдар

ТҮБІРТЕК ТАЛАП ЕТ ТЕ – СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ!
20:34, 18 маусым 2019
ТҮБІРТЕК ТАЛАП ЕТ ТЕ – СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
18:46, 12 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...