ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚҰРЫЛЫС МЕРЗІМІ 2 ЕСЕ ҚЫСҚАРАДЫ

20:06, 9 шілде 2019

Әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізу қай кезде де өзекті. Соңғы кездері кез келген құрылыс жобасының құны қымбатқа түсіп, уақыты ұзаққа созылып, сметасы сан рет ауысып  жататыны жасырын емес. Алайда, облыс әкімі Асқар Мырзахметов бұдан шығар жолды тапқан сыңайлы. Ол жөнінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге жұмыс сапары кезінде ұсыныс та жасалды.

 Президенттің өзі оны қуаттаған болатын. Сонымен, бүгін аймақ басшысы салаға жауапты мамандардың басын қосып, осы қанатқақты жобаны тағы бір пысықтап алды. Яғни, Жамбыл облысында әлеуметтік маңызды нысандарды салу бойынша пилоттық жобаны іске асырудың алгоритмі таныстырылды. Нәтижесінде, қолданыстағы заңнама аясында 1 құрылыс жобасына берілген 446 күнді пилоттық жоба шеңберінде 187-211 күн аралығына қысқартуға болатыны айтылды. Демек, 235 күнді үнемдеуге мүмкіндік бар. Уақыт үнемделгендіктен, қаржы мәселесі де мейлінше аз жұмсалатыны анық. Жиынға қатысқан жауаптылар тарапынан жобаға қатысты түрлі ұсыныс-пікрлер айтылса, Асқар Исабекұлы жобалауға байланысты әлі де кемшін түскен тұстарды толықтыра түсуді, сан мен сапаға баса мән беруді тапсырды.

Қымбат қаржауқызы, Тоқтар Терлікбай, «Жаңалықтар қызметі»

 

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар