ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

19:43, 3 шілде 2019

Тараз қаласында жылу құбырларына жөндеу жүріп жатыр. «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында  басталған құрылыс жұмыстары қазан айында толығымен аяқталса, 15-ші шағын мөлтек ауданында 10 көпқабатты тұрғынүй тамыз айында қолданысқа берілмек.

Бүгін, Тараз қалалық  Нұр Отан партиясы жанындағы Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту жөніндегі комиссия мүшелері құрылыс нысандарын аралап қайтты. Бірқатар проблемалар анықталып, алдағы уақытта шешу жолдары қарастырылатын болады.

Жалпы Тараз қаласы жылу құбырларының ұзындығы 190 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда соның 9,3 шақырымында ескірген құбырларды қайта жаңалау жұмыстары жүргізілуде. Комиссия мүшелері алдымен жылу құбырларының жұмысын бақылап, бірқатар мәселелерге тоқталды.

Мұхамедқали ӨМІРБАЕВ – КОМПАНИЯ БАСШЫСЫ

Ал, Қазыбек би көшесіндегі жөндеу жұмыстарының тоқтап қалғанына 1 апта болыпты. Өйткені Жамбыл жарық сауда мекемесіне тиесілі жоғары вольтті электр сымдары кедергі келтіруде. Хат жаздық әзірге жауабын күтіп отырмыз дейді мердігер өкілі.

Мұнан өзге, комиссия мүшелері 15 шағын мөлтек ауданында құрылысы жүріп жатқан көп қабатты үйлердің жұмысымен танысты. Өткен жылы бұл ауданнан 9 үй берілсе, биылғы жылға, 10 көпқабатты тұрғынүй қолданысқа берілмек.

Ғалымжан АЙТҚҰЛОВ – ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл жұмыстар аяқталғанша партия жанындағы комиссияның назарында болмақ.  Бастысы сапасы сын көтеріп, айтылған уәде уақытында орындалса болғаны.

Н.Сембеков, Н.Құдияр

 

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар