Қылмыс саны азайып келеді

22:30, 14 наурыз 2017   112

Бүгінде жергілікті полиция қызметінің құрылғанына бір жылдан астам уақыт  өткенін білеміз. Осы  аралықта тындырылған тірлік те көп, шешілмеген мәселе де бар. Бірақ, ел ішіндегі тыныштықты басты назарда ұстаған тәртіп сақшылары, биылғы жылдың басы оң өзгерістерге толы екендігін жеткізді.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткізген брифингте облыстық жергілікті полиция қызметінің атқарған жұмысы баяндалды. Атап айтар болсақ, 2015 жылмен салыстырғанда, былтыр тіркелген қылмыстың саны, 8,8 пайызға төмендеген. Өйткені, жыл басынан бері жедел-профилактикалық іс-шаралар жоспарға сай өткізіліп, қылмыстың кей түрлерін алдын-алуға сеп болған. Ал, әкімшілік құқық бұзғандар саны әзірге азаймай тұр.Шешімін таппаған мәселенің тағы бірі, Тараз қаласы мен аудан орталықтарында, адам көп жиналатын орындар мен жол қиылыстарында бейнебақылау камераларын санын көбейту керек. Мұнан өзге, тәуліктің түнгі уақыттарында кейбір көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілсе қылмыс санынынң бұдан әрі азаюына сеп болмақ.

Бақытжан Бейсеев, Жамбыл облыстық  ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы

Қазір аудандармен де тығыз жұмыс жасап жатырмыз. Қылмыс саны күннен-күнге төмендеп келеді. Полиция қызметкерлеріне де қояр талапты күшейтіп жатырмыз.

 

Нұрдос Сембеков «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40