ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

18:58, 5 маусым 2019

Тараз тұрғындары енді үйден шықпай –ақ, суға төлем жасай алады. «Тараз-су»  мекемесі халыққа көрсетілетін қызметті оңтайландыру мақсатында сервистік орталықты ашып отыр. Бұған дейін тұтынылған тіршілік нәріне төлем жасау үшін жұртшылық ұзын-сонар кезекке тұратын еді. Ал қазір бір мезетте мыңға жуық абонетке қызмет көрсетіледі. Цифрландырылған орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков қатысты.

1959 жылы құрылған кезде учаске боп ашылған мекеме бүгінде тоқсан бес мың жеке тұлғаға қызмет көрсететін алып кәсіпорынға айналған. Бес мыңға тарта заңды тұлғалары тағы бар. 700 адам қызмет етеді. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде мұнда заман талабына сервистік орталық пайдаланылуға берілді.

Бекболат ОРЫНБЕКОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Орталық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға  және шығындарды азайтуға мүмкіндік бермек. Мұнда қаланың кез-келген тұрғыны жеке шарттар жасау үшін техникалық сипаттағы мәселелер, тұтынылған су мен кәріз үшін төлем шоттарын салыстыру,  пәтерлерге және үйлерде орнатылған су есептегіш құралдарын тіркеу үшін өтініш жасай алады. Яғни бірнеше қызмет түрі бір арнаға шоғырландырылып отыр.

Гүлмира ТОҚАЕВА – «ТАРАЗ-СУ» КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Тараз қаласының су беру жүйелерін жаңғырту жобасы «Европа қайта құру және даму банкімен» «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмыс жоспары аясында бірлесіп жүзеге асырылған. Яғни, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұндай электронды қызмет көрсету орталықтарын ашу маңызды,  дейді мамандар.

А. Тілеуханқызы, Ө. Ыбыраев, «Жаңалықтар қызметі»

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ
20:20, 21 қараша 2019
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...