ШҰҒЫЛ! ТАУ ШАҢҒЫ БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫСТАР ЕНГІЗІЛМЕКШІ

20:30, 14 қыркүйек 2018

Латын графикасына негізделген жаңа қазақ тілі әліпбиінде әлі де тың өзгерістер орын алуы мүмкін. Өйткені,  бас-аяғы 9 бөлім, 148 баптан тұратын емле-ережелер қайта талқылаудан өткізілуі қажет. Бұл туралы бүгін жоғары оқу орындары және мектептердегі тіл мамандарымен  өткізілген жиында сөз етілді.

Өңірдегі жоғары оқу орындарының лингвист ғалымдары  әліпбидің қолданылу аясы халыққа тиімді болу керектігін айтады. Ол үшін, жаңа әліпби орфографиялық, терминологиялық және пунктуациялық қателерден арылуы тиіс. Осы мақсатта әдебиет пен тіл  саласы мамандарына аталған мәселелерді жіті талқылау міндеттеліп отыр. Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде тұрақты түрде латын қарпіне көшуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ал, тіл тазалығы басты назарға алынатынын айта кеткен жөн. Сондай – ақ,  жиын барысында латын графикасындағы кей бөлімдерді қалпына келтіру мен қате тұстарды түзету керектігі де айтылды. Яғни, жаңа ұсыныстар сараптаудан өткізіліп, «Тіл қазына» ұлттық ғылыми –практикалық орталығына жолданатын болады.

Қасиет ДӘКЕНҰЛЫ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР

 

Тақырып бойынша материалдар

БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
14:20, 12 қараша 2018
БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

18:20, 7 қараша 2018
ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
Толығырақ...