ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 78 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ Толығырақ

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ

19:09, 12 тамыз 2019

Магистратураға түсетін талапкерлерден тест тапсыру барысында 12 шпаргалка мен 74 ұялы телефон табылды. Бұл деректерді  ұлттық тестілеу орталығының өкілдері  мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті сынақ кезінде анықтады.

Айта кетейік, биыл магистратураға түсу ережелері өзгерді.Гранттар тек бірыңғай емтихан қорытындысы бойынша бөлінеді.Бұған дейін мемлекеттік гранттарды еліміздің жоғары оқу орындары бөлетін, ал қазір университеттердің өздері тапсырма дайындап, қабылдау туралы шешім шығарған. Сонымен магистратураға алғашқы күні 119 адам тест тапсыруға ниет білдірген. Алайда талапкерлердің кейбіреулері ереже бұзғаны үшін, емтиханға жіберілмеді.Ал емтихан әділ, әрі таза өту үшін аудиторияларға бейнебақылау мен  телефон бұғаттайтын 11 құрал қойылды. Енді тестілеу барысында қандай да бір, жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы «Жамбыл-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері 5 күн бойы қадағалайтын болады.

Дәурен ОМАРОВ - ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар