ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 78 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ Толығырақ

«МАХАББАТ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

20:28, 12 тамыз 2019

Қордай ауданында «Махаббат аллеясы» ашылды.  Жастар жылында ел игілігіне берілген нысанға әсіресе жастарға әдемі тапрту болды.  

Бұл –  келешекте ауыл халқы мен қонақтары, жаңадан шаңырақ көтерген жастардың жиі келетін орнына айналмақ.  Адал махаббатты  пір тұтып, шаңырақ көтеретін жастарға үлкен сый  болып отыр.  Ашылу салтанатына қатысқан  атқамінерлер жергілікті жұртшылықты құттықтады. Қуанышты сәттің куәгерлері, қосылған қос ғашық Дәулет пен Әдемі үшін бұл күн ерекше есте қалмақ.  «Махаббат аллеясының»  лентасын кесу рәсімі осы екі жасқа бұйырып, жас отбасы өз қуаныштарымен бөлісті. Қазақи дәстүрге сай шашу шашылып, ақсақалдар ақ батасын берді.  

Бейқұт ЖАМАНГӨЗОВ – ҚОРДАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар