ШҰҒЫЛ! ТАУ ШАҢҒЫ БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

Мақсат айқындалып, міндет жүктелді

20:00, 18 қаңтар 2018

Кешеден бері Жамбыл облысының әкімі басқарма басшыларымен кездесу өткізіп, 2018 жылдың жұмыс жоспарын нақтылауда. Бүгін де бірқатар атқарушы орган басшыларының есебін тыңдаған Асқар Мырзахметов, осы жылы атқаруға тиісті міндеттерді жүктеді.

Облыстың өнеркәсіп әлеуетін арттыру үшін әуелі екі нәрсені ескеру қажет – деді әкім. Бірінші – талдауды дұрыс жүргізу, екінші – оны орындау. Сонда ғана өндіріс өркендеп, тасы өрге домалайды. Ал 2018 жылы  индустриаландыру картасы шеңберінде 451 млрд теңгеге 9 жоба жүзеге асырылмақшы. Бірақ Асқар Мырзахметов басқарма басшысына кәсіпкердің жеке тірлігін пайдаланып, тізімге қосу - «дайын асқа тік қасық» болумен тең екенін айтты.

Асқар Мырзахметов, Жамбыл облысының әкімі

/Бұл кәсіпкерлердің өзінің тіршілігі. Оны жинап алдық та картаға кіргізе салдық. Соны карта деп отырмыз. Ал картаның аты – индустриялық-инновациялық даму болатын болса, онда бізде талдау болу керек. Алдымен, керек жобалардың тізбесі керек. Сосын кәсіпкерлерді жинап айтуымыз керек. Мынандай жобалар керек, оған кімнің қандай қызығушылығы бар? Сосын айтамыз, оған мемлекеттің көрсететін қолдауы мынадай деп/

Кездесу жиынында салаға қатысты бірқатар мәселелер еленіп, екшелді. Оны шешу жолдары қарастырылып, қосымша ұсыныстар беру талап етілді. Импорт, экспорт мәселелері мен туризмді дамыту барысы да кеңінен талқыланып, нақты тапсырмалар берілді. Ал ағымдағы жылы облыстың ішкі саясат басқармасы арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау бойынша 20 тақырыптық жоба бекітіліп, азаматтық және имидждік орталықтар ашу жоспарланып отыр. Жиында журналистер мен блогерлердің әлеуметтік желідегі белсенділігін арттыру, қоғамдық ұйымдардың жұмысын жандандыру, «рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы іс-шараларды жүйелі ұйымдастыру керектігі де айтылды. Асқар Мырзахметов мәдениет басқармасының қағазға қатталған баяндамасына емес, салада нақты қандай проблема бар, соған назар аударды. Оның ішінде ауылды жерлердегі клубтардың жұмысын жақсарту, туризмнің тамырына қан жүгірту,  өңірде келешекте өтетін түрлі байқаулар, фестивальдар мен өнер додаларын ұйымдастыру жайы сөз болды.  Қалтарыста қалып, шешімін таппай отырған өзекті мәселелер бойынша нақты ұсыныстар беру басқарма басшысына жүктелді. Өңір басшысы сондай-ақ, жастар саясаты басқармасының жоспарын тыңдап, олардың жұмысына көңілі толмағанын жеткізді. Жылда өтетін жаттанды іс-шаралардан гөрі, жастардың проблемаларын шешуге көңіл аудару керектігін қадап айтты. Жастар орталықтары шын мәнінде олардың қиын кездерде жүгінетін жеріне айналуы тиіс, дед облыс әкімі.

Асқар Мырзахметов, Жамбыл облысының әкімі

/1-ші кезекте сіз бен  біздің атқаратын жұмысымыз -263000 жастарымызды қызыл дипломмен бітіргені бар, жұмысқа орналастыруы бар, не болмаса, өзінің кәсібін ашуға байланысты старт-ап жобалары бар шығар, соларды ұйымдастыру керек. Кәсіпкерлікті дамыту үшін, өз кәсібін ашу үшін, мемлекеттік қызметке орналасам десе, жастар практикасы бар, соларды ұйымдастыру керек. Міне, сіздің күнделікті атқаратын ісіңіз осы. Ал енді мынадай әртүрлі мерекеде жалаулатып шығу деген... ол болмайды/

Асқар Мырзахметов алдағы күндері өңірдегі өзге де басқарма басшыларының есебін тыңдайды. Елбасы белгілеген межелі міндеттерге сәйкес, берілген тапсырмалардың орындалуы барысын қадағалауды орынбасарларына жүктеді.   

 

Қымбат Қаржауқызы, А. Тілеуханқызы, Өміртай Ибраев, «Жаңалықтар қызметі»

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
14:20, 12 қараша 2018
БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

18:20, 7 қараша 2018
ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
Толығырақ...
JAMBYL ТЕЛЕАРНАСЫ ЭСТАФЕТАНЫ ҚАБЫЛДАП АЛДЫ
12:23, 9 қараша 2018
JAMBYL ТЕЛЕАРНАСЫ ЭСТАФЕТАНЫ ҚАБЫЛДАП АЛДЫ
Толығырақ...