Мал азығын дайындаудағы ғылыми жетістік

14:38, 7 желтоқсан 2017

Байзақ ауданында өткен семинарда «Оңтүстік – Батыс: мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының Жамбыл облысы бөлімінің мамандары жемшөп дайындауда инновациялық жоба ұсынды. Жиында асыл тұқымды ірі қара өсіретін шаруалар үшін құрамажем дайындаудың тың әдісі айтылып, тәжірибе жұмыстарының нәтижесі көрсетілді.

Сапалы мал азығын дайындау қажырлы еңбек пен терең ізденісті талап етеді. Ғылыми жұмыста өсімдік дақылдары қалдықтарынан жаңаша құрамжем түрін жасап шыққан. Оның ірі қара бордақылауда тиімділігін зерттеу үшін, «Әулие Ата - Агро», «Ағали» шаруа қожалықтары таңдап алыныпты. 3 ай бойы жүргізілген сынақ нәтижесі облыстық фермерлер мен агросектор саласы қызметкерлеріне таныстырылып, азықтың құрамы көрсетілді.

Аман Қарымбаев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор

Осы жаңадан шығарылған белокты көмірсу энергиялық конценраты азықтандыруға, азық құрамына қосып, мал бордақылауға және осы ірі қаралардың сүт өндірісіне пайдалану технологиясын жасап шығарып ұлттық патент алдық

Озық технологиямен әзірленген пішен мен сүрлем мал салмағын еселеп, өзіндік құнын арзандатады. Тәжірибе  жүргізілуге  алынған ірі қараның бастапқыда салмағы 235 келі болса, нәтижесінде 305 келіге дейін жеткен. Байытылған жемдік азығымен 3 ай мерзімінде 70 келі қосса, шаруашылық рационмен 50 келі қосады екен. Салыстырмалы түрде қарасақ, жаңа құрамажем тиімді, әрі қол жетімді бағада.

Жарылқасын Күзембайұлы, «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС жобалар жетекшісі

Бұл өлкеде біздің құрамажем құрамына кіретін өсімдіктердің, егістік дақылдарының барлығы осы облыста жеткілікті қоры бар. Осыларды тиімді пайдалану үшін ұсынғанбыз. Ғылыми жетекшілік жасап, бақыладық.

«Ағали» шаруа қожалығы сүт және ет өндіру бағытында жұмыс істейді. Осы күнге дейін асыл тұқымды ірі қараларды бағуда әр түрлі жем пайдаланған. Дегенмен, байытылған құрамажем технологиясының тиімділігі жоғары дейді.

Нәби Ағалиев, «Ағали» шаруа қожалығының басшысы

Сүт бағыты бойынша өте пайдалы болды. Инновациялық жаңаша жем пайдасын берді. Бұрын осы әдісті білмедік. Өте жақсы, арзан түсіп жатыр. Сүт көбейді. Бүрын 10-15 литр сүт алсақ,қазір 25 литрге дейін аламыз.

Қатысушылар семинар барысында көкейдегі сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алды. Алдағы уақытта ғылыми жұмыс ауыл шаруашылығы басқармасында қорғалып, аймақ бойынша ақпараттық парақшалар мен үнқағаздар әзірленіп, таратылатын болады.

Назима Дәрменқызы, «Жаңалықтар қызметі» Байзақ ауданы

Тақырып бойынша материалдар

Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
20:10, 15 желтоқсан 2017
Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар