Мал індетінің алдын алу жұмыстары жалғасуда

22:30, 14 наурыз 2017   121

Шу ауданы бойынша былтыр   ветеринария   саласына   эпизоотиялық  іс-шараларды  атқару үшін қазынадан  128 млн. 644 мың  теңге бөлініп, қаражат толықтай игерілді. Нақтырақ айтқанда,   жоспарлы қаржы 235 мың 50 бас  ірі  қара,  2 млннан астам  ұсақ   мал, сондай-ақ  33 мың  бас  жылқы  мен өзге де үй жануарларын емдеу және өзге де ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге жұмсалған. 

Мұнымен қатар,  ауыл шаруашылық малдарды бірдейлендіру  туралы бірқатар жұмыстар қолға алынды. Қазіргі таңда   Шу қаласында орналасқан  мал базары   ветеринария саласының мамандарымен қадағалануда.Мұнда  Шу ауданымен қатар Мойынқұм, Қордай, Мерке аудандарының да ірілі ұсақты малдары саудаланып жатыр.  Өткізіліп отырған іс-шара эпизоотиялық ауруларға қарсы тосқауыл болса,  екіншіден мал ұрлығының алдын алуда да тиімділігі  бар, -  дейді мамандар. Қазіргі таңда аудан бойынша 18 ауылдық округ пен  мен Шу қаласы бойынша ветеринариялық пункттер құрылып,  осы бағыт бойынша  жұмыстарын жүргізуде. 

Болатхан Ниязбеков, Шу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімінің басшысы

Ол жерде бөлім тарапынан маман бекітілген, және осы мал базары күндері кесте жасап, бекітіп, мал ұрлығының алдын алу жұмыстары бойынша облыс әкімі бекіткен жоспарға сай бақылау жасап отырамыз.

 

 

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40