ШҰҒЫЛ! ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАҒАН ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА Толығырақ

МАЛ ӨСІРСЕҢ, ҚОЙ ӨСІР

20:35, 16 сәуір 2018

Көктемнің әрбір күні жылға азық. Дала еңбеккерлері соқа-сайманын түгендеп, егін егуді бастады. Ал, қыстан қысылмай шыққан шопандар мал төлдету науқанына кірісті.  Біздің Шудағы тілшіміз шопандардың жағдайын біліп, тіршілігімен танысып қайтты.

Марат Сағындықов осыдан он екі жыл бұрын шаруашылығын небәрі 23 ешкіден бастаған. Қызу еңбек, төккен тердің арқасында  қазір қоражайында 700 қой мен 500 қозы және одан бөлек жүзге жуық ірі қарасы бар. Қаны таза қошқарларды сонау Әзірбайжан елінен әкелуді әдетке айналдырған. Сондықтан  қойлары ірілігімен ерекшеленіп тұрады. Осылайша мал басын асылдандыру  тиімді әдісі табысты болуда.

Марат Сағындықов ШҚ жетекшісі

Мал төлдету ісі бел ортасына таяп қалды. Нәтижесі де көңілге қонымды, бірлі-екілі болмаса, түлік дін аман. Шаруа ауылдың тоғыз адамын жұмыспен қамтып отыр.

Әсел Нұрмағамбетова Сақпаншы

Шынаркүл Дәрібаева Жұмысшы

Қыстан қысылмай шыққандарына шүкіршілік етеді, малы қоңды, жем-шөбі жеткілікті. Науқан осы айдың аяғына дейін аяқталса, жүнді-етті бағыттағы асыл тұқымды түлікті баптауға кіріседі. Өйткені, алда қой қырқу науқаны тұр.

Гаухар Рысбай

Тақырып бойынша материалдар

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ КӨЛЕҢКЕДЕ ҚАЛМАУЫ ТИІС
13:10, 20 сәуір 2018
ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ КӨЛЕҢКЕДЕ ҚАЛМАУЫ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ФИЛИАЛЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
20:30, 16 сәуір 2018
ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ФИЛИАЛЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА
20:30, 16 сәуір 2018
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА
Толығырақ...