ШҰҒЫЛ! ТҮҚЖБ БИЫЛ 28 МЛРД.ТГ БӨЛІНЕДІ Толығырақ

МАЛ СОЮ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

13:20, 12 шілде 2018

Қазіргі таңда ауылшаруашылығын дамытып, ел экономикасын көтеруге  мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Осы мақсаттарға жетудің бірден-бір жолы өндірістік  кооперативтер құру екені белгілі. Қазір ауыл-ауылдарда шағын шаруалар бірігіп, тындырымды тірліктер атқаруда. Мәселен,  Шу ауданы, Қонаев ауылындағы кооператив мүшелері мемлекеттік қолдаудың арқасында мал сою алаңын ашты.

Бұл  Шу ауданы Қонаев ауылындағы «Берекелі-2016» кооперативі. Бүгінгі күні 20 жеке қосалқы шаруашылық біріккен копператив 64 млн  теңге несие алып, ірі қара малын бордақылаумен айналысады. Енді міне мал сою алаңын ашты.

Ернұр Арғынбаев  -     Кооператив мүшесі

Әлихан Балқыбеков   -Шу ауданы әкімінің орынбасары

Қазір кооперативтің иелігінде 345 бас ірі қара малы  бар. Әзірге ішкі нарық көлемінде жұмыс жасауда. Кооператив жетекшісінің айтуынша, бір-екі жылдың шамасында мал басын екі есеге көбейтіп, ет өндіретін ірі кәсіпорындармен  жұмыс жасалмақшы. Ол үшін қазірден бастап бірнеше ірі компаниялармен  келіссөздер жүргізіп қойған екен.

Дінмұхамбет Әлімқожаев- ӨК жетекшісі

Мал сою алаңы құны 22 млн тұратын типтік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Енді шаруалар ісін алға бастыру мақсатында  солтүстік өңірлерден қазақтың ақ бас етті малын сатып алып, оның санын көбейтпекші.

Тақырып бойынша материалдар

ЖАРТЫ ҒАСЫРДАН АСА ТАРИХЫ БАР ОҚУ ОРДАСЫ
21:18, 22 ақпан 2019
ЖАРТЫ ҒАСЫРДАН АСА ТАРИХЫ БАР ОҚУ ОРДАСЫ
Толығырақ...
ӘУЛИЕАТА ӨҢІРІНДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
21:11, 22 ақпан 2019
ӘУЛИЕАТА ӨҢІРІНДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗДА РЕСЕЙЛІК  БАҒАЛЫ ТОНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ БАСТАЛДЫ
18:45, 20 ақпан 2019
ТАРАЗДА РЕСЕЙЛІК БАҒАЛЫ ТОНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...