ШҰҒЫЛ! ХҚКО ҚЫЗМЕТІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕ ? Толығырақ

МАМИН ГРУЗИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

21:01, 15 мамыр 2019

Асқар Мамин Грузия Премьер-министрі Мамука Бахтадземен кездесті. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі қарышты дамыту мәселелері талқыланды. 2018 жылы Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда айналымы 35 пайызға  артып, 100 млн долларға жуықтады.  Үкімет басшылары  жұмыс қарқынын күшейтіп, жуық арада бұл көрсеткішті үш есеге дейін арттыруға уағдаласты. Сондай-ақ көлік транзиті саласында да межелі міндеттер аз емес. Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытудың арқасында соңғы үш жылда жүк тасымалы 13 есеге артқан.  Биыл 120 мың контейнерге жеткізу міндеті тұр. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтау саласындағы әріптестікті дамыту жайы талқыланды.

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ЖАСАҚТАЛАДЫ
19:37, 16 шілде 2019
ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ЖАСАҚТАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар