ШҰҒЫЛ! ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

13:41, 11 ақпан 2019

2018 жылы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер 39,9 млрд теңгені құраған. Бұл белгіленген жоспардың 103, 7 пайызы. Ал қалалық бюджеттің шығыстар бөлігі трансферттермен қоса есептегенде 54 млрд. теңгеден асыпты.  Бұл туралы тұрғындар алдындағы  есеп беру кездесуінде Тараз қаласының әкімі хабарлады.

Қала құрамына кейіннен енген Құмшағал, Шөлдала және Көлтоған елді мекендерінде өткен есепті жиындарда тұрғындар өзекті мәселелерді ортаға салды.
 

 Өткен жылы Тараз кәсіпорындары алдыңғы жылға қарағанда 10 млрд. теңгеге артық, яғни жалпы сомасы  240 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Шаһардың шырайын арттыру бағытында көптеген іс-шаралар атқарылуда. Саябақтарды, алаңдарды және аллеялар жаңғырып, мектепке дейінгі мекемелердің саны артуда.

Ғалымжан ӘБДІРАЙЫМОВ –ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Әкім есебін мұқият тыңдаған елді мекен және  бірқатар саяжай массивтері тұрғындары  атқарушы билікке күнделікті тұрмыста туындап отырған өзекті мәселелерді жіпке тізді. Қоғамдық көлік тұрақты жүрмейді, көшелерді жарықтандыру барлық жерде бірдей емес, көктем айларында ми батпаққа айналатын  жолдардың сапасы сын көтермейді, бұдан басқа да  әлі шешімін күткен бірталай проблема бар.

 Ольга НЕККЕР – ТҰРҒЫН /2010 жылдан бері Шөлдала мен Құмшағал елді мекендері қала аумағына кіргеніне 9 жылға жуықтады, алайда мұндағы тұрғындар электр энергиясына әлі күнге дейін  заңды тұлға ретінде төлеуге мәжбүр. Ауыз суды айтпағанда, көгілдір отын да кіргізілмеген/.

Жауапты мамандар саяжай тұрғындарына бұл мәселені реттеу үшін қала әкімінің атына өтініш жазуға кеңес берді. Осы өтініштер негізінде, саяжай  мәртебесі жеке тұрғын үйге ауыстырылады. Сонымен қатар, жергілікті билік органдары басқа мәселелер бойынша жағдайды білетіндігін, бұл көтерілген  проблемаларды шешу жөнінде тиісті  жұмыстар  басталды деп сендірді. Қазір  егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленуде екен.

Сәкен ӘБДІЛДИН – «ҚОЛДАУ» ЖШС БАС СӘУЛЕТШІСІ /біздің фирма Қызылабад, Жиделі, Көлтоған  және  тағы 28 саяжай алаңдары бойынша егжей тегжейлі жобалауды жасадық. Бұл жоба бойынша инфрақұрылым жүргізілетін нысандар жұмысы қарастырылған. Оның ішінде газ құбырын тарту, кәріз жүйелерін жүргізу, электрмен қамту жұмыстары толығымен қамтылып  отыр/.

Қала аумағы саналғанына 9 жылға жуықтаған бұл тұрғын алаптарының  егжей-тегжейлі жобасы әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдардың құрылысына бағытталса, ал келесі қадам  - осындағы әрбір нысан  үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және бекіту болмақ. Бұл құжаттарға қанша уақыт кететінін ешкім дөп басып айта алмас.

А. Тілеуханқызы, Ғ. Есенбаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЗ СУҒА 540 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛҒАН,  БЮДЖЕТТІҢ ТӨРТІНШІ ДЕҢГЕЙІ ЕНГІЗІЛЕДІ
20:36, 22 сәуір 2019
АУЫЗ СУҒА 540 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛҒАН, БЮДЖЕТТІҢ ТӨРТІНШІ ДЕҢГ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
18:57, 18 сәуір 2019
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
2,3 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖҰМЫСЫ НЕГЕ БІТПЕЙ ТҰР?
21:22, 18 сәуір 2019
2,3 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖҰМЫСЫ НЕГЕ БІТПЕЙ ТҰР?
Толығырақ...