ШҰҒЫЛ! ЖҮЙЕСІЗ ҚҰРЫЛЫСҚА КІМ ЖАУАПТЫ? Толығырақ

МАҢЫЗДЫ ЖҰМЫСТАР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

17:32, 15 тамыз 2019

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова Меркі ауданында болып өңір тынысымен танысты. Аудандағы атқарылған жұмыстар мен кезегін күткен тірліктерге назар аударып, хал-ахуалын бақылап қайтты.

Облыс әкімінің орынбасары Қазақ-Дихан аулынан бастады. Мұнда салынып жатқан орта мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Білім ордасын  мердігер компания 1 тамызға дейін пайдалануға беруі керек болған. Алайда, құрылыс жұмыстарында бірқатар олқылықтар орын алған. Сұлушаш Құрманбекова  тиісті басшыларға  нақты тапсырмалар  беріп, мәселені шешуді тапсырды.

Бұл Ақтоған ауылдық округіндегі  кітапхана.  Цифрландырылған ақпараттық орталықтың жұмысын одан әрі дамыту керек. Облыс әкімінің орынбасары кітапхананың жұмыс барысын саралап, айтылған кемшіліктерді уақыт өткізбей, қалпына келтіру жөнінде жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Құрылыс нысандары мен білім ордаларын аралап көрген облыс әкімінің орынбасары «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесті. Жиында қоғамдағы түрлі мәселелер талқыланды.

 

К.Шәмші, Еркін Жасыбай ЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА   ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
18:52, 17 қыркүйек 2019
ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
18:57, 11 қыркүйек 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
Толығырақ...