ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

МАРАПАТТЫҢ МӘНІ БӨЛЕК

22:54, 2 мамыр 2019

Сондай-ақ мемлекет басшысы Алматы облысының жұртшылығымен кездесуде мемлекеттік марапатты билік басындағыларға емес, ұстаздар мен дәрігерлерге тапсыру керек екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңында дәстүр бойынша министрлер, депутаттар мен әкімдердің омырауы түрлі орденге толатынын сынға алды.

 ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Бірде-бір министр, депутат, әкім мемлекеттік наградасыз қалмаған. Барлығында орден бар. Әр бес жыл сайын олар орден алады. Ал жүз мыңдаған ұстаздар, дәрігерлер, журналистер, жұмысшылар мемлекет тарапынан марапатсыз қалып жатады. Олар басқалардан аз еңбектеніп жүрген жоқ қой. Сондықтан, олар да назардан тыс қалмауы керек.

 Осы сөздерден соң Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің өркендеуіне үлес қосқан азаматтарды марапаттады. Айта кетейік, президенттің «Алғыс хатын» алғандар ішінде әкім-қара жоқ. Бірі облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, енді бірі дәрігер, ұстаз.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар