ШҰҒЫЛ! КӨКӨЗЕК АУЫЛЫНДА 5 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ Толығырақ

МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУІ ТИІС

20:30, 16 сәуір 2018

Осыдан бір апта бұрын өңір басшысы  ауылдардағы қолданыстағы және жаңадан салынатын мәдениет нысандарының базасында түрлі мемлекеттік қызметтер ұсыну мүмкіндігін зерделеуді тапсырған болатын. Бұл мәселе нақтылы кезеңде қалай жүргізілуде?  Облыс әкімдігінде аталған  мәселеге байланысты жиын өтті. 

Ауылдық клубтарда жыл он екі ай бойы түрлі мәдени шаралардың өткізілмейтіндігі белгілі жайт. Демек, аталмыш нысандарды халық сұранысына сай әртүрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіліп, бағдарламалар жайында кең көлемде мәлімет ұсынатын орталыққа айналдыру қажеттігі туындап отыр. Әзірге республиканың бірде-бір облысында жоқ жобаны қолға алу туралы бастама көтерген өңір басшысы бұл мәселеге  аудан әкімдері мен жауапты басшылардың атүсті қарамауға шақырды. Жалпы, облыс әкімінің тапсырмасына сай, облыстағы  160 клубқа жан-жақты талдау жасаланып, оларда ауыл тұрғындарына кеңес беріп, қызмет көрсететін мекеме ашу мүмкіндігі қарастырылған. Жиында аудан әкімдері мен орынбасарлары, ауылдық окург әкімдері мәдениет нысандары жұмысының тиімділігін арттыруға қатысты жобаны іске асырудың бағыт-бағдары туралы өз ойларын ортаға салды. Асқар Мырзахметов  жауапты тұлғаларға екі жұма ішінде өңірдегі мәдени нысандарды оңтайландыруға қатысты ұсыныстарды толығымен әзірлеп, жобаны іске асыру шараларын қолға алуды тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНІП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ!
21:26, 14 желтоқсан 2018
ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНІП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ!
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
21:24, 14 желтоқсан 2018
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ 7 ҚЫРЫ – ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
21:07, 14 желтоқсан 2018
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ 7 ҚЫРЫ – ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар