ШҰҒЫЛ! COVID-19: ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАЛЫП КЕЛЕДІ Толығырақ

МЕХАНИКАЛЫҚ ЖАСАҚ ЖҰМЫСТАРЫ

16:07, 5 маусым 2019

Облыс әкімінің бастамасымен ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты «Талас-Аса» су шаруашылығы кәсіпорнында механикалық жасақ құрылған болатын. Мұндағы мақсат  ауыл шаруашылығы алқаптарындағы су жүйелері мен каналдарды қалпына келтіру және су тасқынының алдын алу еді. 

Бүгінде аталған су шаруашылығы кәсіпорны, алқаптардағы су жүйелерін механикалық тазалау, су қоймаларымен гидротехникалық нысандарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді.

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары  Жамбыл облысының суармалы жер көлемі 209,1 мың гектар болса, 2018 жылы суармалы жердің жалпы аумағы 184,4 мың гектарды құраған. Жыл санап кеміген суармалы жер көлемін ұлғайтуды көздеген өңір атқамінерлері, өткен жылы «Жамбыл облысында суармалы егістік жер көлемін ұлғайту бойынша» Карта жасалып облыс әкімдігімен бекітілген болатын. Бүгінде аталған карта аясында өңірдегі аудандарда жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ерлан Құлкеев Жамбыл облысы әкімдігі ауылшаруашылығы басқарма басшысының орынбасары

Осы жылы кәсіпорын жоспары бойынша Мойынқұм ауданында жалпы ұзындығы 71,3 шақырым каналды механикалық тазалау көзделсе,  бүгінде оның 49,8 шақырымы аяқталған. Сонымен қатар 4293 га суармалы алқап қалпына келтіріліпті.

Әділет Мұхашов Айдарлы ауылының әкімі

Бүгінге дейін механикалық жасақ өңірдің  үш ауданының каналдарын қалпына келтіріп, тазалау жүргізді. Сонымен қатар ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде  облыс аумағында 17,1 гектар суармалы жерлер қалпына келтірілетін болады.     

Қ.Байкүшіков  Ө.Ыбырай  «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КООПЕРАТИВ - АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨЗЕГІ
20:23, 10 тамыз 2020
КООПЕРАТИВ - АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨЗЕГІ
Толығырақ...