ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТЫП ЖАТЫР

20:46, 11 наурыз 2019

Мемлекет басшысының шығындарды оңтайландыру жөніндегі тапсырмасы аясында қазір өңірлердегі мектеп директорлары кең сарайдай кабинеттерін оқушыларға оңтайландырып, босатып беруді бастады. Республикадан бастау алған жоба аясында аймақта 11 мектеп басшысының жұмыс кабинеттері  40 және 50 шаршы метр аумақты алып жатқанын анықталып, мектеп басшылары шағын кабинеттерге көшірілуде.

Соның бірі Тараздағы нөмірі 8-ші Төле би атындағы мектеп - гимназиясының директоры Әлішер Әзімбайұлы. Атшаптырым кабинетін аядай бөлмеге ауыстырған мектеп басшысы оқушыларға сабақ оқитын бөлме етіп берген.  2079 шәкірт білім алатын мектепте сынып тапшылығы бұрыннан болған. Сондықтан бұл бастаманы гимназия директоры бірден қолдап, 40 шаршы метрлік кабинетін босатып беруді қолдағандардың бірі.

Әлішер ӘЗІМБАЙ №8 ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ /осы кабинеттің жетіспеушілігін біз ағылшын тілі кабинетін роботехника кабинетіне айналдырып, өзімнің босатқан кабинетіме ағылшын тілі және орыс тілі пәндері оқытылатын кабинет қылып жасақтадық/

Өңірде 446 мектеп бар болса, әзірге 11  директор жайлы орнын білім беру сыныптарына өткізді. Енді бұл үрдіс тоқтап қалмай, өңірдің барлық мектептерінде жалғасын табады. Осы бағытта Жамбыл облысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі 61 білім мекемесіне мониторинг жүргізген.

Дәурен ОМАРОВ МҚІСЖҚА ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ  /Мониторинг жұмыстары қазіргі таңда облыс аумағында аудандарда да бастама алды, яғни ауданның бүкіл мектептерін біз осы қамтысақ деген сондай ойдамыз/

Мұндай жоба мектептердегі сынып жетіспеушілігін шешуге және бюджет қаржысын үнемдеуге үлкен септігін тигізбек.

Райхан Шәлібекқызы, Қырмызы Жексенбек, Тимур Сейілхан «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ-ВЫДАЮЩИЙСЯ ЛИДЕР
13:30, 21 наурыз 2019
НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ-ВЫДАЮЩИЙСЯ ЛИДЕР
Толығырақ...
НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ-ВЫДАЮЩИЙСЯ ЛИДЕР
13:28, 21 наурыз 2019
НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ-ВЫДАЮЩИЙСЯ ЛИДЕР
Толығырақ...
НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ-ВЫДАЮЩИЙСЯ ЛИДЕР
13:07, 21 наурыз 2019
НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ-ВЫДАЮЩИЙСЯ ЛИДЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
13:30, 19 наурыз 2019
БІЛІМГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
Толығырақ...
ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ «ЖАҢҒЫРУ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
21:26, 19 наурыз 2019
ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ «ЖАҢҒЫРУ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Толығырақ...