ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

МЕКТЕП ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ БӨЛЕНУДЕ

19:11, 8 қазан 2019

Ұстаздар  мерекесіне орай тағы бір  игі іс-шара.  Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім берудің маңыздылығы мен талаптарын еш уақытта назардан тыс қалдырмаған мектеп ұстаздары білім беру алаңына 50 ден аса қылқан жапырақты талдар отырғызды. Бұл әрине табиғаттың көркеюіне өзіндік үлесін қосып қана қоймай, білім ордасында талай жыл еңбек еткен ардагер ұстаздарға ерекше естелік болмақ.

Шу ауданында орналасқан Әл-Фараби орта мектебінің ірге тасы 1960 жылы қаланған. 400 ден аса білім алушылар болса, оның 70 пайызы өзге ұлт өкілдері. Мектеп ұжымы мен оқушылары жұмыла жүріп  ауланы  жасыл желекпен көмкеруге ниетті. Осылайша экологиялық шараның мән-маңызын өз істерімен арттыруға үлес қосып,   қызу іске кірісіп те кетті.  Ұстаздар мерекесіне орай жыл сайын түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.  Бұл шара өз кезегінде - жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және табиғатты аялауға баулиды – дейді мектеп директоры

Эльмира НЕТАЕВА - МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар