ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

«МЕКТЕП ЖӘНЕ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

19:32, 17 қазан 2019

 

Азаматтық неке, туғаннан құжатсыз бала. Құқықтық сауат пен қаржылай демеуді қажет ететін топ өкілдері. Міне, «Мектеп және отбасы» пилоттық жобасының санатына кіретін осылар.

Тек санатта санақ емес, сапалы көмек көрсететін жоба жемісін беруде. Облыстық ювеналдық сотының кезекті кеңес беру көшпелі отырысы Шөлдала алқабында орналасқан №59 орта мектебінде өтті.

Шара барысында мемлекеттік, мемелекеттік емес органдар арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Толығырақ Назима Дәрменқызы айтып берсін.

80 жастағы Жаным Мәмішева осы жиынды көптен күткен. Себеп те бар. Талай жылдан бері, азаматтық некеден туған 2 шөбересінің туу туралы куәліктен бастап, еш құжаты жоқ. Бүгін  жиналғандар алдында мәселені ашып айтып, тегін құқықтық көмек алатын болды.

Жаным МӘМІШЕВА - ШӨЛДАЛА АЛҚАБЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Жаным әжей сияқты әр түрлі базынасын жеткізген №59 , № 55 – ші орта мектебінің өмірлік қиын жағдайларға тап болған отбасылары  назарсыз қалмады. Пилоттық жоба аясында әр сала мамандары қажетті ақпарат беріп,  мәселенің шешімін табуға тырысты.

Ербол ДҮЙСЕНБАЕВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Облыстық ювеналдық соты бұған дейін де құқықтық, әлеуметтік және оңалту жұмыстарын жүргізіп келеді. Нәтиже де жоқ емес. Мәселен, бүгін 25 отбасымен сұқбат жүргізіп, өзекті проблемаларды қолға алды. Алдағы уақытта тек оң нәтижесімен қуантады деген сенім бар.

Тақырып бойынша материалдар

"ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
19:12, 22 қараша 2019
"ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ
19:21, 18 қараша 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ
Толығырақ...