ШҰҒЫЛ! МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖАҚСАРУЫ КЕРЕК Толығырақ

МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫ

19:59, 16 тамыз 2019

 

 

Бір оқушыны жаңа оқу жылында мектепке дайындау үшін орта есеппен 40-50 мың теңге қажет. Ал, бұл қаржыны табу  көп балалы  және тұрмысы төмен отбасыларға  оңай емес.

Сондықтан, мектепке жол акциясы биыл да жалғасын тауып отыр. Жомарт жандардың үлгілі ісінің бір парасын Нәзима Дәрменқызы көзбен көріп қайтты.

Жамбыл облысында бүгінгі таңда 28 мың нан астам көпбалалы және тұрмысы төмен  отбасылардың балалары тіркелген. Жыл сайын олардың әлеуметтік мәселелер шешу үшін «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылады. Биылғы жылы да дәстүрлі жоба «Жүректен жүрекке» үндеуімен жалғасуда.

Аталған шараға белсенді атсалысып отырған кәсіпкерлер мен меценаттар аз емес. Десе де бергенін жарнамасыз, үлгі болайық дегендері де жетерлік.

 

Облыс бойынша оқушылардың мектепке дайындық барысын анықтау мақсатында 1129 рейдтік іс-шара жүргізілген. Оған әр саладан 1689 тұлға қатысқан. Ал,  «Мектепке жол» акциясы осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесін оңалтады деген үміт бар.


Өткен 32 мыңнан астам балаға 324 млн теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілген. Ал, биыл осындай игі іске үн қосамын деген азаматтар болса, аудандық және қалалық білім бөлімдеріне хабарласуы керек. Онда көмекке мұқтаж балалардың арнайы тізімін алуға болады.

Назима Дәрменқызы, Тілеуқабыл Саржан «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

ҚОРДАЙДА СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫЛҒАН ҚАРИЯ ҮЙІНЕ ОРАЛДЫ
20:16, 26 ақпан 2020
ҚОРДАЙДА СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫЛҒАН ҚАРИЯ ҮЙІНЕ ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
11:45, 24 ақпан 2020
КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
22:01, 21 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
Толығырақ...
"НҰР ОТАН" МЕН КӘСІПОДАҚТЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
19:42, 20 ақпан 2020
"НҰР ОТАН" МЕН КӘСІПОДАҚТЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
Толығырақ...