ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 78 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ Толығырақ

МЕКТЕПТЕ АҚША ЖИНАУҒА ТИЫМ САЛЫНАДЫ

18:52, 8 тамыз 2019

Мектепте ақша жинауға жол берген басшылар жауапқа тартылатын болады.  Білім ордаларындағы қажеттілікті өтеуге қазынадан бөлінетін қаржы жеткілікті. Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова осылай деп сендіріп отыр.

Естеріңізде болса, бұл мәселе жыл басынан бері бірнеше мәрте көтеріліп, талқыға түскен болатын. Арнайы жүргізілген әлеуметтік сауалнама мен зерделеу жұмыстары – білім ордаларында ақша жинаудың әлі тыйылмай тұрғанын анықтап берді. Енді сала басшылары ондайға жол жоқ деп отыр. Тақырыпты Нәзима Дәрменқызы тарқатады.

Бұл көріністер әлеуметтік желіде желдей есіп жүр. Балабақша меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы ұжымын «СЭС келе жатыр» деген желеумен ақша жинауға үгіттеген. Енді:

Рахия ТҰРМАХАНБЕТОВА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ \ Бұл факті анықталды. Қазіргі уақытта жұмыстан босатылды\

Мектепте ақша жинау жылдар бойы жалғасқан жыр. Деректер де бұл мәселені жоққа шығармайды.

Дәурен ОМАРОВ ҚРСЖҚІҚАЖО бойынша департаментінің басқарма басшысының уақытша міндетін атқарушы

\2018 жылы бұл салада 3 факті тіркелсе, биыл осы күнге дейін 11 – ге жетіп отыр. Профилактикалық жұмыстар әлі де жалғасатын болады.\

Өңірдің бас ұстазы білім ошағында ақша жинау мүлдем жойылған, анықталған жағдайда шара қолданатынын бұйрықпен бекіткен. Қарамағындағы әр мекеме басшысына қатаң тапсырма беріп, заңнан аттағандарды қатаң жазалаймын деп отыр.

Рахия ТҰРМАХАНБЕТОВА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ \ Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Әр ауданға барып түсіндірме жұмыстары жүргізілген.\

Балабақша кезегі, мектепке қабылдауға жазылу. Осындай қажетті мемлекеттік қызметтерден адами факторды жою мақсатында Едугарден, едускул мобильдік қосымшасы қосылған. Тағы 17 қызмет түрі бар, жыл соңына дейін 14 – і қосылмақ.

Н.Дәрменызы \сағат бөлуде жемқорлыққа тап болсаңыз шағымданыз деп айтамын\

Н.Дәрменқызы, Нұрлыбек Құдияр «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар