ШҰҒЫЛ! БАҒАЛЫ ТОНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

14:54, 3 маусым 2019

ҚР президенті ҚасымЖомарт ТОҚАЕВ  Әулиеата өңіріне  жұмыс сапарымен келді.  Мемлекет басшысы бірінші «КАЗФОСФАТ»  компаниясының   «Минералды тыңайтқыштар» зауытына ат барды.

ҚР Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылған химиялық зауыт ауыл шаруашылығы үшін фторсыздандырылған минералды тыңайтқыш шығарады. Президентке өндірістің қазіргі көрсеткіштері мен экспорт көлемін ұлғайту жөнінде есеп берілді.

«Қазфосфат» компаниясының  бас директоры Мұқаш Ескендіров 2016 жылы зауытты қайта жабдықтау жұмыстары өндіріс көлемін екі есеге ұлғайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың басынан бері зауыт 29,1 миллиард теңгенің өнімін өндіргенін айтты. Оның ішінде 24 мың тонна азот тыңайтқышы болса, 122 мың тоннаға жуық фосфор тыңайтқышы өндірілген. Өнім ішкі нарықты толық қамтамасыз ете отырып, Қытай, АҚШ, БАӘ,  Ресей елдеріне экспортталады. Бүгінгі ірі кәсіпорында барлығы 1 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Оның 344-і әйелдер. Айта кетейік, еліміз бойынша Жамбыл өңірі химия саласының ең бір дамыған аймағы саналады. Өңірдің химия өнеркәсібін дамыту саласындағы әлеуеті зор. Химия саласы облыстың бүкіл өнеркәсіп өндірісінің 20 пайыздан астамын құрайды. Қазіргі уақытта аймақта заманауи химия кластерін құру жөнінде жұмыстар атқарылып жатыр. Қаратау мен Жаңатас қалаларындағы жобаларды және «Химпарк-Тараз» арнайы экономикалық аймағын іске қосу арқылы облыстың өнеркәсіп өндірісінің көлемін едәуір арттыру шаралары қолға алынған.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар