ШҰҒЫЛ! ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

18:46, 12 маусым 2019

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына құжаттар тапсыру жалғасуда. Бүгін осы академияның өкілдері мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, оқуға түсушілерге арналған ақпараттық сессия өткізді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды іске асыратын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны болып табылады.   Академияда оқудың артықшылықтары  сол, ондағы  оқу мерзімі  мемлекеттік қызмет өтілі болып есептеледі.  Сондай-ақ, академияда оқитындар соңғы жұмыс орнындағы еңбекақы мөлшеріне сәйкес стипендия алады, дейді мамандар. Кездесу барысында оқуға түсушілерге қойылатын негізгі талаптар, магистратура мен докторантура бағдарламаларының ерекшеліктері кеңінен түсіндірілді. Айта кетейік, бұған дейін академияға тапсырылатын құжаттар саны да едәуір қысқарған.  Құжаттарды нотариалды растау қажет емес, сабақ үш тілде жүргізіледі. Басқа қаладан келген білім алушыларға  академияның өз жатақханасы да қарастырылған. Сонымен бірге, оқу барысында қызметкердің өз жұмыс орны толығымен сақталады. Мемлекеттік қызметкерлер жоғары білікті оқытушылардан терең білім ала отырып, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады. Яғни, оқыту академиясы - мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке дағдыларын арттыру үшін үлкен мүмкіндік. 

 

Маржан СЕМБИНОВА – АКАДЕМИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫ СЕКТОРЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ

А. Тілеуханқызы, Т. Терлікбаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ТҮБІРТЕК ТАЛАП ЕТ ТЕ – СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ!
20:34, 18 маусым 2019
ТҮБІРТЕК ТАЛАП ЕТ ТЕ – СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
18:46, 12 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...