ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19:44, 1 тамыз 2019

Бүгін мемлекеттік грант иегерлері анықталды. Яғни, грант иеленіп, жоғарғы оқу орындарына түскен талапкерлердің толық тізімі баспасөз және интернет беттеріне жарияланды.

Осылайша, он бір жылдық білімінің нәтижесі сараланған кез. Мәселен, Жамбылдық түлектерде ата-анасының үкілеген үмітін ақтап, аймақтағы  жоғарғы оқу орнына түсіп отыр. Түлектердің қуанышымен бөлісіп қайтқан тілші бейне материалында.
Аяулым Жаманқара Ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсырады. Бала кезден армандаған журналистика мамандығына құжаттарын тапсырып, шығармашылық емтиханнан сүрінбей өтеді.Ол өзі  осы аталған оқу орнына грантқа түсем деп те ойламаған.

Аяулым ЖАМАНҚАРА – ГРАНТ ИЕГЕРІ
Ал, Аяулымның әкесі перзентінің мемлекеттік грантты жеңіп алғанына қуанышты. Бауыр еті баласы сенімін ақтағанына риза.

Болат БАЙДІЛДАЕВ  - ӘКЕСІ

Жалпы биыл  Жамбыл облысында 8813 түлек  мектеп бітірген. Оның 5816-сы ұлттық бірыңғай тестке  қатысыпты.Яғни, 66 пайызы. Ал сала мамандары ҰБТ-ның  көрсеткіші, өткен жылға қарағанда жақсы нәтиже беріп отыр дейді.

Айдын ДОСЫБАЕВА -  ЖАМБЫЛ  ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ОРТА БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Айта кетейік , 2019-2020 оқу жылына 53 785 грант бөлінген.Ал, конкурсқа 64 452 түлек қатысқан. Мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінің 47%-дан астамы инженерлік, өңдеу және құрылыс, IT-технологиялар саласына бөлінген.

К.Шәмші,Руслан Сандыбай ЖҚ.

 

Тақырып бойынша материалдар

"ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
19:12, 22 қараша 2019
"ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ
19:21, 18 қараша 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ
Толығырақ...