ШҰҒЫЛ! САЛЫҚТАН ЖАЛТАРҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ ӨСІП КЕЛЕДІ

18:20, 10 тамыз 2018

Жамбыл облысы жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша,  Республикада алдыңғы қатардағы үштікке қосылды. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Гүлдана Әлімжанқызының айтуынша, өткен жарты жылда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасқан. Бірінші тоқсанның қорытындысына сәйкес жалпы өңірлік өнім көлемі 265,0 млрд теңгені құрап, 8,4 пайызға өсіпті. Сондай-ақ, қысқа мерзімді экономикалық индикатор, республикалық межеден 3,4 пайызға жоғары көрсеткіш көрсеткен. Бұл саладағы оң өзгерістерге индустриялды- иновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорындар да өз үлестерін қосып жатыр»,-деді басқарма басшысы. Мәселен, ағымдағы жылдың 6 айында бұл кәсіпорындармен 13 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Ал, енді, 2018 жылдың аяғына дейін осы бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдаланып, 8 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Егер, бұл жоспар іске асатын болса, 947 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Гүлдана ЖАУЫНБЕКОВА – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ПРОКУРОР  ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:20, 13 тамыз 2018
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ПРОКУРОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...