ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

20:30, 10 тамыз 2018

Жамбыл облысындағы мемлекеттік қызметтің жүйелі жұмыстарымен танысу үшін өңірге  ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің басшысы Равиль Тюлебаев келді. Ол бірқатар мекемелерді аралап, олардың жұмысымен танысты.

Равиль Тюлебаев бастаған жұмыс тобы алдымен Тараз қалалық мемлекеттік кірістер басқармасына барды. Атқарылып жатқан іргелі істерді көзімен көрген ол басқарма басшысына жергілікті жердегі «Қазпошта»  бөлімшелері арқылы төлемді жүргізу үшін барлығы жеңіл болу керектігін алға тартты. Одан кейін жұмыс тобы халықты жұмыспен қамту орталығына ат басын бұрды. Ол жерде қызметкерлермен емін жарқын сөйлесіп, қандай мәселелер бар екендігін сұрады.

Равиль Тюлебаев - ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің басшысы

Сондай –ақ, Облыста мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бағытында қандай жұмыстар атқарылуда? Мемлекеттік қызметте жүріп өз жұмысына салғырт қарағандарға қандай ескертпелер жасалды? ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің басшысы Равиль Тюлебаевтың қатысуымен өткен брифингтке осы мәселелер назарға алынды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау бойынша өңірде тізім бойынша 386 қызметтің түрі көрсетіледі. Ал, 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында 3млн астам қызмет көрсетілген. 

Равиль Тюлебаев - ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің басшысы

Сонымен қатар, жыл басында департаментпен 23 мекемені тексеру жұмыстары жүргізілген. Тексеру барысында салалық заңнаманы бұзудың 1000 нан астам фактісі анақталған.  25 мемлекеттік мекемелердің бірқатар басшыларына әкімшілік – құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, өңір бюджетіне 1млн 300 мың теңгеден астам қаржы өндірілген. Брифингте осы және өзге де мәліметтер кеңінен айтылып, кеткен кемшіліктерден әр қызметкер сабақ алу керектігі баса назарға алынды.

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЦИФРЛАНДЫРУ
13:20, 18 қазан 2018
ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЦИФРЛАНДЫРУ
Толығырақ...
БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПТІК ЖИЫНЫ
13:20, 18 қазан 2018
БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПТІК ЖИЫНЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар