ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ САРАЛАНДЫ

14:34, 18 маусым 2019

Жамбыл облыстық әдеп жөніндегі уәкілдердің 5 айда атқарған жұмысы мен мемлекеттік қызметшілердің іс-сапар барысында әдепті мінез-құлқын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстары қорытындыланды. Жиынға аймақтағы басқарма басшылары және мамандар қатысты.

Жиында мемлекеттік қызметшілердің іс-сапар барысында атқарылған жұмыстары туралы баяндалды. Яғни, ҚР мемлекеттік қызметі туралы Заңның 57-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк қызметшілерге, iс-сапарда болған уақытына тәулікақы, жүріп-тұру, тұрғын үй-жай жалдау шығыстары мемлекет тарапынан өтеледi. Алайда, орталық органдардан барған қызметшілер көп жағдайда заңның бұл талаптарын орындамайды. Десе де, аудандарға іс-сапармен барған қызметшілердің шығыстарын өтеу, оларға арнап дастархан жаю, көңіл көтеру шараларын ұйымдастыру қалыпты жағдайға айналған. Өз кезегінде, мұндай іс-әрекеттер мемлекеттік қызметшілердің қызметіне нұқсан келтіретіндігі анық. Басқосуда сондай-ақ,  бірқатар мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдері өздерінің қызметі туралы ақпаратты әлеуметтік желіде жариялауы сөз етілді. Ал уәкілдердің танымалдық деңгейін арттыруда бұқаралық ақпарат құралдары мен иентернет-ресурстарда жарияланған ақпараттар ерекше рөл атқарады дейді, - жиынға қатысушылар.

Руслан ШАРИПОВ  - ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ

/Бұл қолданыстағы заңнамада бекітілмеген әрекеттер өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін жеке өзiнің материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты мәселелерді шешу кезінде пайдалану сипатындағы мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық ретінде бағаланатын болады. Ал іс-сапар шығындарын тәуелді мемлекеттік орган қызметшілерінен сыйлық ретінде заңсыз өндіріп алу заңнамада көзделген жағдайларда әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтырады./

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар