ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ТӘРТІП ТАРАЗЫЛАНДЫ

18:43, 14 маусым 2019

Мемлекеттік қызметшілердің тәртібі түзеле ме? Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жағдайы қандай? Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде  өткен Әдеп кеңесінде айтылды. Сауалнама жүргізіп, мониторинг жасаған кеңес мүшелерінің баяндамасында бірқатар кемшіліктер анықталды.

Жаңа тәсіл. Мелекеттік мекемелерде ұжымдағы ахуалға қатысты сауалнама жүргізілген. Зерделеу барысында денсаулық сақтау басқармасы, төтенше жағдайлар департаменті мен табиғи ресурстар басқармасында теріс мәнді жауаптар көп болған.  

Қасымхан ТӨЛЕНДИЕВ – ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ

Мұнан кейін мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын бұзу жағдайлары да мониторинг барысында анықталған. Мәселен,  Байзақ ауданы әкімдігі жұмыспен қамту бөлімінің бас маманына Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608 бабы 1 тармағына сәйкес хаттама толтырылған. Мұнан өзге, басқармалар мен аудан әкімдігі бөлім қызметкерлерінің де бірқатар тәртіп бұзу фактілері анықталыпты.

Равиль ТӨЛЕБАЕВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ

Сонымен қатар, жиын соңында кеңес мүшелерінің дербес қызметі бойынша мемлекеттік қызметшілермен қабылданатын парасаттылық декларациясының мәтіні бірауыздан бекітілді.

Н.Сембеков, Т.Терлікбаев «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар